ОҚ Ы Л Ы М 5-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтін мазмұны бойынша бірнеше сұрақ жаз.
Мәтіндегі көсемшелердің қалай жасалып тұрғанын айт.
Ассамблеяның қызметі
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тіл-
дері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Эт-
номәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-
ден асады, оның ішінде 28-і республикалық, 15 тілде газет-журнал, 8
тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім
беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүр-
гізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке
пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар балалардан басқа үлкендер де
30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешен-
дері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ
және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек,
уйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын
Олимпиада ойындарына әлемнің 204 елінен он мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыс кезінде қауіпсіздікті 14 мың полицей, 17 мың әскери маман қадағалаған.
Ойындарда барлығы үш жүзден астам медаль жұбы сарапқа салынған. Олимпиада жүлдесін 85 елдің спортшылары иеленді.
Қазақстан 12-орын алып, Голландия, Украина, Куба, Иран, Чехия, Испания, Бразилия, Аргентина сияқты елдерді артқа тастады. ТМД елдері арасынан Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орынды алды, Азия құрлығы бойынша Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейінгі төртінші сатыдан көрінді.