Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан». 4-сабақ Шығармада әлеуметтік мәдениетке қатысты тұжырымды анықта.
Қажымұқан біртуар палуан ғана емес, елін, жерін шексіз сүйген азамат. Алланың берген табиғи күшімен, ғажап өнерімен тапқан қаражатын жетім-жесірге үлестіріп жіберіп, өзі ас-судан тарылып, жоқшылықтың тауқыметін тартқан мәрттігін ұмытпауымыз керек.
Палуанның тек білек күш иесі ғана емес екенін, оның парасатты, ойшыл, намысшыл адам болғанын айтып, дәріптеу – ел намысын әлем жұртшылығы алдында қара нардай көтерген баба рухы алдындағы азаматтық, перзенттік парызымыз емес пе?!
Алып тұлға, алапат күш иесі қазақ атын бүкіл ғаламшарға мәшһүр еткен дарын иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы күреске толы болды.
Артқа
Тексеру
1)Жамбыл Жабаевтың бала шағы;
2)Жамбылдың шағармашылығы;
3)Соғысқа арналған өлеңдер;
Жамбыл Жабаев Теріскей Алатауының Солтүстік бөлігінде, 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауларының етегінде туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен, балалық шағы кедейлік пен жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбыл да байдың малын бағумен өткізді. Балаларын мектепте оқытып, білім беруге ата-анасының жағдайы болмады.
Жамбыл атамыздың көп шығармалары саяси тақырыпқа арналған, Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. "Ленинградтық өренім" атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына таратылып, жеңістің ұранына айналды, көшелерге, үйлердің қабырғаларына жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар.