1. Қаралы қағаз алған Аян не істеді? 2. Аянның басына қандай қиындық түссе де, мойымауының себебі неде деп
ойлайсыңдар?
3. Бапай қарт пен кемпірінің арасындағы диалог не туралы болды? Олардың
әңгімесінен мінез-құлықтарын тани аламыз ба?
4. Аманат сөзін қалай түсінеміз? Мұғалімнің, ата-анамыздың көмегімен
ол сөздің қандай жағдайда айтылатынын біліп алайық.
5. Автор неліктен шығарманы «Жусан иісі» деп атаған? Бұл шығармасы
арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.