М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mix42
mix42
08.01.2021 07:17 •  Қазақ тiлi

Ақылды қүмырсқалар мазмұ саяхатшылар деп басталады

👇
Ответ:
nastyaorinozl1jy
nastyaorinozl1jy
08.01.2021
Ақылды құмырсқалар
Сүлеймен пайғамбардың құмырсқамен сөйлескені туралы хикаяны естігенде ақжүрек адамдар: «Несі бар Алла сөйлетем десе құмырсқаны да сөйлете береді» деп күмәнсіз құлшылығын жасап жүре береді. «Құмырсқа сөйлеуші ме еді?» деп әрі-сәрі күйге түсіп, күмәннің кесірінен кеудесі тарылатын пенделер – дінге жеңіл қарайтын немесе дүние ғылы-мына есі кете ғашық болған жаңа қазақтар.
Ақыл деген – денеге егілулі дән, 
Суғарылса, кіреді оған да жан. 
Ақылдың өсіп-өніп, зораймағы 
Көрген-білген нәрседен ғибрат алған.

Ғалымдар құмырсқалардың ұйымдасып жұмыс жасау құпиясын түсіне алмай діңкелейді. Өте күрделі жұмыс атқаратын жәндіктер бойына туа біткен инстинкті реакциямен тіршілік кешеді дегенге бұл күні біз түгілі олардың өздері де сенгісі келмейді. Ғалымдар олардың жұмылып жұмыс жасау барысында аса қажетті ақпаратты қайдан алып, қалай оны бір-біріне тілсіз таратып отыратынын таба алмайды. Ашылмай тұрған ең үлкен құпия – ғылыммен жасалатын жұмыстарды іске асырғанда ақыл-ой, интеллектіні қайдан алады? Ақпарат қоймасы құмырсқаның қай жерінде сақталады? Cебебі оның жүйке талшықтары тым жіңішке һәм өте нәзік.
Құмырсқалар қауымы жалпыға бірдей қатаң тәртіпке түгелдей бағынышты. Қауымдағы әр бір мүшенің өзіне тиесілі міндеті бар. Аса жауапты міндеттермен ұйымдасқан жәндіктер кез-келген көңіл-күйді сезініп, жұмыс барысында аянбай еңбек етуден ешқашан қашпайды. Жай ғана жыбырлап жүріп, не болса соны кеміріп жеп, басы ауған жаққа қаңғып жүре беретін көп жәндіктің бірі болса құмырсқа тіршілігіне ешкім де қызықпас еді. Гәп сонда – бұл жәндік алдына мақсат қойып, жоспармен жұмыс жасағанда алдына жан салмайды. Мысалы, құмырсқаның адам секілді қолға үйретілген «жуас үй жануарлары» болады. Оларды «құмырсқа сиыры» деп атайды. Орыстар «тлей» дейді. Асыранды «мини сиырлардың» денесінен тәп-тәтті шырын бөлінеді. Сол шырынды құмырсқалар негізгі ас-сусын ретінде ішіп, рақаттанып, мас болып жүреді. Сиырларды асырау үшін адам секілді олар да бақташы жасақтайды. Олар сиырды уақытымен тойдырып, сауып, бөпелерін тап-таза ас-ауқатпен асырайды. Сиырлардың емін-еркін жайылуына, өсіп-өнуіне кепілдік беретін құмырсқалар ішінен күзетшілер, қорғаушылар тобы іріктеледі. Жайылып жүрген тлейлерге тентек жәндік тиісетін болса, қарауыл құмырсқалар қырғын төбелесті бастап кеп жіберуге әмәнда дайын. Бақташылар міндеті тлейлерге құнарлы «жайылым жер» тауып беріп, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонуын қамтамасыз етеді. Шаңқай түс болып, күн ысығанда оларға шөп-шаламнан қалқа құрастырып, көлеңке жасайды. Қар түсіп, күн суытса, ұрғашы сиырларды жып-жылы, құп-құрғақ мекен-жайға жайғастырады. Құмырсқалардың дені сау болып, ұрпағы жақсы дамуы үшін сиырдың баппен күтілімі ауадай қажет. «Сиыры» семіз болса, құмырсқа да күйлі. Сондықтан өз бетінше өсіп-өнетін «сиырға» қарағанда құмырсқалардың қарауында өскен тлей өте тез, әрі аман-сау көбейеді. Сондықтан тлей құмырсқадан қожайын тапса, бала-шағасына дейін шаттанысып, қуанады.
Амазонкадағы құмырсқалар жемтік іздеп, «аңға» шыққанда алғашқы қауымдағы жабайы адам-дардың дәу мамонтты жарға жығып, жабылып жәукемдегенін еске салады. Бұл жәндіктер дене тұрқы өздерінен екі-үш есе үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді. Үлкен-үлкен өсімдік жапырағының талшықтарын қиып алып, олардан іші қуыс кішкене үйшік жасайды. Үйшікті құрастырып болған соң ішіне көп жауынгер жасырынып жатып алады. Бірнеше ұсақ құмырсқа басын ғана қылтитып, жемтігін шақырады. Әлгі жердегі өсімдіктің шырынына жиналған ара, шегіртке немесе қоңыз ол үйшікті өсімдіктің жапырағы немесе сабағы деп ойлайды. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде қорегіне күтпеген жерден тарпа бас салады. Мұндай шапшаң шабуыл күтпеген қоңыз, шегіртке, дәуіт не болғанын түсінбей, тапырақтап қалады. Сол сәтті күтіп жатқан жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі бақайдан, енді біреуі кеудеден келіп қайшы тісті шақырлатып салғанда, дөңкиіп тұрған қоңыз, шегірткең шатқалақтап қалады. Көзі қарауытып, есеңгіреп қалған бейшара жәндік денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан құмырсқа уына шыдай алмай, ақыры «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып-жұмғанша жүздеген «мини жыртқыш» дөңкиіп жатқан «бақытсыз» жәндікті жіліктеп, турап, осып, қидалап, боршалап, әп-сәтте түгін қалдырмай тасып әкетеді. Жоғарыда баяндалған жәндікке арналған әдіс сізге бір кездері Троя шаһарының түбіне жететін Пасейдонға арналған үлкен ағаш ат секілді елестеуі мүмкін. Бірақ құмырсқаның адамнан ақыл сұрамайтыны анық. Олай болса құмырсқаға бұл тәсілді үйреткен бір Құдіреттің барына таңғалмасқа шараң жоқ.Тағы бір таңғаларлық жайт, амазон-калық құмырсқалардың басқа бір түрі.
4,7(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vanchugovp02hjd
vanchugovp02hjd
08.01.2021
Әлеуметтік желілердің зияны:

Көп уақытын шығындау. Әлеуметтік желілерде сағаттап отырамынымыз өтірік емес. Алайда бұл уақытыт пайдалы әрі тиімді өткізуімізге де болар еді. Бос әңгіме, жеңіл әзіл-қалжыңдармен уақыт өлтіргеннен гөрі, білім алу, тіл меңгеру - әлдеқайда пайдалы.Шынайы өмірден алыстау. Әлеуметтік желілерде біздің мінез-құлқымыз, өзімізді ұстауымыз шынайы өмірге қарағанда өзгерек. Нәтижесінде шынайы өмірден алшақтап, қиялыңыздағы виртуалды кейіпкеріңізге әбден беріліп кетуіңіз мүмкін. Жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерге көп уақытын жұмсайтын адамдардың сөзіне, пікіріне назар салсақ, олардан мағынасыздықтың лебі еседі. Тіпті, бірқатарының сөздері көпшілікке түсініксіз. Әлеуметтік желілер - алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Өкінішке орай, көпшілігіміз әлеуметтік желіге өзіміз жайлы басы артық мәлімет берудің артынан болар зардабын біле бермейміз. Көбіне онда толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып жатамыз. Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде достарыңызбен ноутбук немесе қымбат тон сатып алғаныңыз жайлы мәліметпен бөлістіңіз делік. Біраз уақыттан соң өзге қалаға не мемлекетке саяхаттап бара жатқаныңыз жайлы жаздыңыз. Дәл осы уақытта сіздің жоқтығыңызды пайдаланған аласқатр, ұлылар тоныңыз бен ноутбугыңызбен қатар, одан бөлек құнды дүниелеріңізді тонап кетуі мүмкін.

Әрине, егер шегін біліп қолдансаң., әлеуметтік желінің зияны жоқ деуге болады. Әлеуметтік желіге күніне 1 сағат уақытыңызды ғана бөлгеніңіз жөн.
4,8(97 оценок)
Ответ:
orrection124433
orrection124433
08.01.2021
Сүйінші-згі хабарды үйіне әкелді саяхатшы, алғыс хосттарда бағалы сыйлық алынған, оған сәйкес теңшелетін.
Belkoterer - қарт емдеуге дәстүрге. т.б. қазы, Zhent бие сүтінің, ірімшік, сондай-ақ азық-түлік жұмсақ - қарт, дайындау дәмді, және ең бастысы үшін Әдетте, бұл міндеттеме көршілер кем, балаларымен немесе жақын туыстарының жүктеледі. Дәстүр belkoterer, қарттарға қамқорлық үлгісі болып табылады.
Яғни дастархан - мереке кезінде немесе оған ұйымдастырылған мерекелеу ерекше нысаны. деп дастархан кезінде үстел басында жиындар қатар, спорт, музыка, ән жарыстар (айтыс) секіру болып табылады.
4,5(52 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ