тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз:
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты қалай анықтауға болады?
Негізгі ақпараттың мәтіндегі орны қайда болады?
Қосымша ақпараттар автор ойын ашуға қалай көмектеседі?
Қандай ақпараттар қосымша ақпарат болып саналады?
2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар:
Қазақстанның Қызыл кітабы
Қызыл кітап - жәндіктер мен жануарларды қорғауға арналған мемлекеттік шара. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына тіркелген жануарлар 5 санатқа бөлінеді.
I санат - жойылып бара жатқан түрлер мен түршелер;
ІІ санат - саны азайып бара жатқан түрлер мен түршелер;
ІІІ санат - сирек кездесетін түрлер мен түршелер;
IV санат - белгісіз түрлер мен түршелер;
V санат - қалпына келтірілген түрлер мен түршелер.
Міндет - Қызыл кітапқа тіркелген түрлер мен түршелерді ғана қорғау емес. Жергілікті жерлердегі белгісіз түрлерді тауып, зерттеу. Қызыл кітаптан тұңғыш рет жәндіктердің (омыртқасыз жануарлардың 105 түрі орын алды). Әсіресе бунақденелілердің (насекомые) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін түрлері көп. Дақылдарда ауруға душар етеді, паразиттік жолмен өмір сүреді, түрлі аурулар таратады. Сондықтан оларға қарсы күрес шараларын ұйымдастырып, әдістерін пайдалана білу керек.
Республикамызда тек Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында тіршілік етеді. Ғылымға 1979 жылы ған белгілі болды Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек. Қанаты жоқ. Ол шырылдамайды және жыртқыш жәндік.Табиғатта кергілердің аталықтры көп кездеспейді, сол себепті олар партеногенезді жолмен көбейеді.
Құлан - сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.
Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.
Дуадақ - қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.
Жабайы қызғалдақ – Қазақстанның қалалары мен шөлдеріне сән береді. Көше қызғалдағының арғы тегі.
Сонымен бірге, Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т.б. аңдар мен құстар кіреді. Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді. Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.
Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады.
Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар.
Ақсу – Жабағалы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.
Арман дәліз бойымен асығып келе жатыр. Бүгін оның университеттегі алғашқы күні. Кенет ол бір қарияны түйіп кетті. "Кешірім өтінемін!" деп қайтадан жүгіре бастады. Сабақтың басталуына санаулы минуттар қалды. Ал ол болса әлі лекция өтетін аудиторияны таба алмай әлек. Терезе алдында тұрған бір студенттен:
– Ғафу өтінемін, 235-аудитория қай жерде? Білмейсіз бе?-деп ентіге сұрады. Сөйтсе ол аудитория басқа ғимаратта екен. Қуанышқа орай ол ғимарат бас ғимараттың дәл жанында екен. Арман жүруін одан әрі тездетті. Ғимаратқа кіріп, күзетшіден де:
– Кешіріңіз! 235-аудитория қай жерде?-деп сұрады. Сөйтсе 2-қабаттың сол жақ бұрышында екен. Арман 2-қабатқа көтеріліп келе жатырып тағы бір қолы кітапқа толы студентті қағып кетті де "ғафу етіңіз!" деп екі беті қызарып аудиторияға жетті. Сабақ басталып кеткеніне 2 минут болған. Есікті қағып:
– Кеше көріңіз! Аудиторияны таба алмай жүріп қалдым. Бұл қазақ филологиясы ма?- деп лекторға қарады. Лектор:
– Иә. Алғашқы күн болған соң кешірімді. Бұдан бұлай қайталанбасын!-деп сабағын жалғастыра бастады. Алдағы парталардың біріне, бір қыздың қасына Арман отыра қойды.
– Мынау кітап па?-деді қыз алдында тұрған кітапқа көзі түсіп. Қыз жалт қарап:
– Жоқ, дәптер. Кітаптың қандай екенін білмеймісің?-деді.
– А, жоқ... Ренжіткен болсам әрі әбес қылығым үшін кеше көр. Жай мұқабасы қатты тозып кетіпті. Менде дәл осы кітаптың жаңасы бар. Қаласың берейін,- деді жымиып.
– Жарайды. Енді сөйлей бермей, лекторды тыңдайық!-деп тақырыпты жаза бастады. Арман да сабаққа кірісті.
Объяснение:
вот ответ тпиши