М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Әмір полатшы деген кім?
керек​

👇
Ответ:
Hwicwhen575
Hwicwhen575
01.12.2021

Әмір Болатшы бес ағайынды еді: үлкені – әмір Тулақ, екіншісі – әмір Болатшы, үшіншісі – әмір Шамсаддин, төртіншісі – әмір Қама­раддин, бесіншісі – әмір Шеих Дәулет. М.Х.Дулатидің жазуы­на қарағанда, әмір Болатшы қайтыс болған соң орнына ұлыс­бегі болып жеті жасар ұлы Хұдай­дад тағайындалады. Әмір Хұдай­д­ат 90 жыл әмірлік еткен, жар­қын жүзді кісі болған екен. Ол Моғолстанның жеті ханын таққа отырғызған. Әмір Қама­рад­дин ұлысбегілік маған мін­дет­тел­гені жөн деп Тоғылық Темір хан­ның алдына барғанымен, хан оған келіспей, Болатшының ұлы Хұдай­датты ұлысбегі етіп бекітеді. Бұған әмір Қамараддин наразы болады, бірақ ештеңе істей алмайды.

Әмір Қамараддин нағыз жау­жүрек, батыл, ешнәрседен қорық­пайтын ірі тұлғалы кісі болған, оның қонышына жеті жасар бала сыйып кетеді деген аңыз бар. Ілияс қожа хан қайтыс болғаннан кейін әмір Қамараддиннің кеудесін кер­ген кек сыртқа шыққан. Қама­рад­дин Моғолстандағы басқару ісін қолына алып, тәртіп орнатады. Сол кезеңдегі хандық билікті мойындамаған, өзі дербес билік жүргізген әмір болды. Ол ешкімге бас имей ержүректілігімен жиырма жылдай билік жүргізген. Оған, бір жағынан, Кеш әмірлері қарсы­лық көрсетеді, екінші жағы­нан Әмір Темір үлкен кедергі болды. Қамараддин Әмір Темірмен өмірінің соңына дейін, ақтық демі біткенше шайқасып өтеді. Әмір Темір Моғолстанға қарсы жа­саған үшінші жорығы кезін­де Қама­раддиннің көзін жою үшін тыңшылар жіберіп, оның Көк­төбе деген жерде отырғанын анық­тайды. Әмір Қамараддин жаудың әскерінен хабардар болып, Аршалы дейтін кісі аяғы жетпес жерге бой тасалайды да, қараңғы түсісімен орын ауыс­тырып кетеді. Әмір Темір Үш Фарман деген мекенде мыңдаған бейбіт адамдарды тонап, әмір Қамараддиннің туған ағасы әмір Шамсаддиннің әйелі Тұман мен қызы Дилшадты тұтқынға алады. Әмір Темір Дилшадқа күштеп үйленеді. «Зафарнамеде» әмір Темірдің Дилшадпен үйлену тойын әдемілеп, келістіре суреттеп, тұтқын қызды бақытқа кенелгендей етіп баяндаған, ал шын мәнінде оған қорлықпен үйленді

4,4(63 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
мия68
мия68
01.12.2021

Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан — кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.

Есеней — романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол — ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.

Объяснение:

Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады, Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады

4,4(6 оценок)
Ответ:
GOLUBOVICH0400
GOLUBOVICH0400
01.12.2021

Тышқан жылы туғандар 2019 жылдың иесімен бірден-ақ тіл табысып кетеді. Бұл кезең Тышқандар үшін трамплин секілді болмақ. Олардың көлеңкеден шығып, өздерін ашып көрсететін уақыты келді. Бұл – бұрыннан қол жеткізе алмай жүрген арман-мақсаттарыңызды жүзеге асыруға таптырмас жыл. Алайда, алаңғасарлыққа жол бермей, өз жоспарыңызды мұқият ойластырыңыз. Бұл жылы дүниеге келгендердің көбісі білектің күшімен емес, ақылмен жасайтын жұмыстардан көбірек табыс табады. Жылдың орта тұсында кей Тышқандар өздерінің ұйымдастырушылық қабілетін бар қырынан

Объяснение:

4,6(87 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ