Егер біздің күнделікті жұмсайтын суымыздың мөлшерін есептесек, өте көп екенін көреміз.
2016 жылдың тамыз айындағы көрсеткіштер бойынша, еліміздегі суық су тарифі 1 куб метр су үшін 64 теңгені құрайды. Олай болса, суға кететін шығынды қалай азайтуға болады? Суды қалай үнемдеу керек?
Үнемді аэратор
Аэратор – су кранына арналған қондырғы. Оның екі түрі бар. Біріншісі тор сүзгі түрінде болады. Ол су ағынын азайтып, жан-жаққа шашырауының алдын алады. Екіншісі – суды үнемдеп қана қоймай, оған оттегі беретін аэратор. Ол су ағынын тежеп, екі есе аз ағуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, аэраторсыз краннан минутына 15 литр су ақса, аэратормен 6-7 литр ағады.
Екі түрлі ағызу режимі бар унитаз
Егер унитазыңызды ауыстыру туралы ойлап жүрсеңіз, екі түрлі ағызу режимі бар түрін таңдағаныңыз жөн. Ол әр қолданған сайын суды қажеттілік мөлшеріне қарай үнемдеуге көмектеседі. Қарапайым унитаз бір дегенде 9-15 литр су жұмсаса, осындай үнемді унитаз 3-6 литр су ағызады.
Араластырғыш қосу тетігі
Әдетте суық су мен ыстық судың краны екі бөлек болады. Біз жылы су ағызу үшін әр кранды бір бұрап, біраз суды текке ағызып аламыз. Осы жағдайдың алдын алу үшін кранға араластырғыш қосу тетігін қою керек. Ол екі суды араластырып, тез арада жылы су ағызады.
Жеміс-жидек жууға арналған ыдыс
Жеміс-жидектер мен көкөністерді кранға жуу судың өте көп мөлшерде шығындалуына әкеледі. Оның орнына ыдыс қолданып, керек затыңызды жуып болған соң, суды төгіп тастаған жөн. Бұл әдісті кез келген азық-түлікті жуғанда қолдансаңыз, біраз суды үнемдейсіз.
Тіс тазалағанда 1 стақан су қолдану
Дәл жеміс-жидекті жуған сияқты тіс тазалауға стақан қолдану керек. Кранды қосып, тіс щеткасын жуып аламыз, кейін стақанға су толтырып, кранды өшіреміз. Тіс жуып болған соң, ауызды стақандағы сумен шаямыз. Осы арқылы күніне 45 литр су үнемдеуге болады.
Мен бүгін сіздерге өзімнің күнделікті тамақ рационым туралы айтпақпын. Бұған дейін ешкімге бұл туралы ешқашан айтқан емеспін. Мен өзім күнделікті қолданатын тағамдарымның құрамында дәрумендер болғанына көңіл бөлемін. Себебі, дәрумендер денсаулыққа пайдалы. Мен тағамды күн сайын белгілі бір уақытта ішемін. Ағзам соған дағдыланған. Бірақ, ұйықтар алдында тек су ішемін. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды қолданбаймын. Тіпті қолданбақ түгіл, маңына да жоламаймын. Өйткені оның зияны туралы көп естимін, оқимын. Денсаулық сақтау үшін тек пайдалы аспен қоректенген дұрыс.
Объяснение:
ответ:Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды.
Объяснение: