Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.
1.Егер қасыңдағы басшың ақылды болса,ақылын тыңдасаң еш жерде адаспайсың.
2.Егер ауылдың әкімі дұрыс болмаса,халқының қамын жемесе,елінің жағдайы кетеді,жұрты бұзылады.
3.Сауда дұрыс болмаса,әркім өзінше баға қойып сауда жасаса,нарық бұзылады.
4.Елді билеген патша залым болса,халқын аздырып-тоздырып жібереді.Ал елді билеген патша ғалым,білім құмар болса,халқы бар халықтан озады.
5.Хан- елдің шаңырағы болса,халқы ол шаңырақтың уығы.Уығы болмаса шаңырақ жоғары көтерілмейтіні сияқты халқы болмаса хан жоғарыға шыға алмас еді.
1. Қасым Қайсенов туралы не білдіңдер?
Қазақстанның халық қаһарманы, партизан жазушы, полковник Қасым Қайсенов 1918 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында туған.
2. Шығармадағы оқиға қай кезеңді суреттейді?
Шығармадағы оқиға соғыс болған кезеңді суреттейді.
3. Екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білесіңдер?
Екінші дүниежүзілік соғыс 1941-1945 жылдар арасында болды. Бұл соғысқа батыр Б.Момышұлы, М.Мәметова, Ә.Молдағұлова ата-апаларымыз қатысқан.
4. Қазақ баласы Серіктің тағдыры қандай күйге ұшырады?
Қазақ баласы Серіктің өмірі өлім мен өмірдің ортасында болды.
5. Анна Ивановна деген кім, Серікке оның қандай көмегі тиді?
Анна Ивановна - адамгершілігі мол адам. Ол Серікті өз алақанына алып, өзінің ұлы Бориспен бірге өсіреді.