Септік жалғаулары:
Атау септік. Аймақ, өнім
Ілік септік. Аймақтың, өнімнің
Барыс септік. Аймаққа, өнімге
Табыс септік. Аймақты, өнімді
Жатыс септік. Аймақта, өнімде
Шығыс септік. Аймақтан, өнімнен
Көмектес септік. Аймақпен, өніммен
Көптік жалғаулары:
Аймақтар, өнімдер
Тәуелдік жалғаулары:
жекеше
1-жақ. менің аймағым, менің өнімім;
2-жақ. сенің аймағың, сенің өнімің;
сіздің аймағыңыз, сіздің өніміңіз;
3-жақ. оның аймағы, оның өнімі.
көпше
1-жақ. біздің аймағымыз, біздің өніміміз;
2-жақ. сендердің аймақтарың, сендердің өнімдерің;
сіздердің аймақтарыңыз, сіздердің өнімдеріңіз;
3-жақ. олардың аймақтары, олардың өнімдері.
УАС Татьянаның хаты деген ән бар
https://youtu.be/Ht9s224dQz8
Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен қазақшалап берді. Абай қазақ тіліне аударып, арнайы ән шығарған «Татьяна хаты» халық арасында өткен ғасырдың аяқ кезінде өте кең тарап, ең сүйікті өлеңдердің біріне айналуы орыс ақынының ерте кезден-ақ қазақ халқына етене жақын болып кеткенінің айқын дәлелі. Татьянаның тағдырын қыр елі қазақ қызының, әйелінің тағдырына орайлас сезінді. Татьянаның еркіндік сүйгіштігі мен парасаттылығы, сабырлылығы қазақ жастарын да тебірентті. Пушкиннің ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абайдың ұлылығының бір жарқын көрінісі. А.С. Пушкиннің аса кесек көркем туындыларының бірі «Евгений Онегин» – шын мағынасында халықтық шығарма болды. Онегинге Татьянаның махаббат сезімін білдіріп хат жазатыны – романның сюжетіндегі ең бір түйінді жері. Абай «Татьянаның Онегинге жазған хаты» (Амал жоқ – қайттым білдірмей) деп сол «Я к вам пишу – чего же более» деп басталатын Татьяна хатын кейбір жерде сөз қалдырып кетіп еркін аударғанмен, Пушкин тексінің жалпы мағынасын дұрыс береді. Аудармада Татьяна бейнесі, орысша түпнсұқасының басты ерекшеліктері сақталып, шебер суреттелген.
«Мақсаты бірдің – рухы бір»
Азиада әнұраны VII Қысқы Азия ойындарының әнұранына байқау жарияланып, сол әндердiң iшiнен арнайы құрылған әдiлқазылар алқасы 10 әндi екшеп, iрiктеп алды. Бұл әндер 2010 жылдың 1 қарашасынан бастап, елiмiздегi радио хабарларын тарату жүйесi арқылы халық назарына ұсынылып, ең үздiк әнұран тандап алыну керек болатын. Ал үздік әнұран атануға таңдап-сұрыптап алынған он ән мыналар: Ескендiр Хасанғалиев, «Азиада алауы»; Кеңес Дүйсекеев, «Азиада Қазақстан»; Нұржан Теңiзбаев, «Қазақстан»; Бақтияр Құсайынов, «Ел намысы»; «Мистерионс» тобы, «Азиада»; Мақсат Жәутiков, «Спорт»; Естай Әлiкеев, «Алға, Қазақстан»; Дүйсенхан Сыздықов, «Азиада алауы»; Иван Бреусов, «Азиада»; Еркеш Шәкеев, «Азиада». Сөйтiп, радио тыңдаушылардың берген дауысына сүйенген әдiлқазылар алқасы VII Азиаданың әнұранының жеңiмпазы деп Ескендiр Хасанғалиевтiң «Азиада алауы» әнiн атады. Өлеңін жазған – ақын Өтеген Оралбаев. Азиада медальдары 2011 жылғы VII Қысқы Азия ойындарында спорттың 11 түрінен 69 медаль жиынтығы сарапқа салынады. VII Қысқы Азия ойындары жеңімпаздарының медальдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Қазақстан Теңге сарайы» РМҚК-да әзірленіп жасалған болатын. Сапасы, дизайны және салмағы жағынан олар Азия ойындарын өткізу тарихындағы барлық марапаттардан асып түсетін көрінеді. Аталған медальдарды Азияның Олимпиадалық Кеңесі толық мақұлдап, бекіткен болатын.