Обсерватория (лат. observatіo – бақылаушы) – астрономиялық, физикалық, метеорологиялық, т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. Обсерватория астрономиялық бақылау жүргізуге және оның нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеуге арналған аспаптармен, арнаулы лабораториялық құралдармен жабдықталады; мұнаралар мен павильондардан тұрады.Мұнара үстінде цилиндр немесе көпбұрыш пішіндес күмбез, павильонда астрономиялық аспаптарға арналған ысырылмалы қақпақ болады. Оптикалық астрономия аспаптардан үлкен радиотелескоптар ашық далада, ал бақылау аспаптары көбінесе қаладан тыс, теңіз деңгейінен едәуір биік тауларда орнатылады. Обсерваториялар а ң уақытты есептеу, құрлық пен теңізде жол табу қажеттілігіне байланысты ежелгі заманда пайда болған. Ежелгі обсерваториялар құрылыстарының қалдықтары Армения мен Өзбекстанда (Ұлықбек обсерваториясы), Вавилонда, Мексикада, Перуде, Англияда, т.б. жерлерде сақталған. Қазіргі заманғы обсерваториялардағы көру түтігі (Г.Галилей жасаған телескоптан кейін) 17 ғасырдың басында Еуропада жасала бастады. Астрономдар Т.Браге, В.Гевелиж, В.Гершель ашқан О-лардан кейін Еуропада Париж (1667), Гринвич, т.б. жерлерде жаңа обсерваториялар ұйымдастырылды. 20 ғ-дың ортасында дүние жүзінде обсерваториялардың саны 500-ге жетті, олардың 90%-ы Жердің Солтүстік жарты шарында орналасқан. Елімізде Қазақстан ҒА Астрофизика институтына қарасты Асы-Түрген обсерваториясы, Күн обсерваториясы бар. Күн обсерваториясы Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 м биіктікте, Алматы қаласынан 30 км жерде орналасқан. Обсерватория әр түрлі типтегі күн телескоптарымен, лабораториялық жабдықтармен, бақыланған материалдарды өлшейтін және өңдейтін есептеу техникасымен жабдықталған. Негізгі аспаптары: айнасының диаметрі 50 см-лік көлденең күн телескопы және ажыратқыштық күші жоғары спектрограф, Б.Лио жүйесіндегі 53 см-лік және 20 см-лік коронографтар; объективінің диаметрі 20 см-лік фотогелиограф. Бұл обсерваторияда Күн дақтарының физикасы, Күн оталысы мен Күн тәжінің физ. құрылымы жөніндегі жұмыстар орындалды.
автобустар біздің қаламызда, азаматтардың көпшілігі күн сайын пайдаланатын ең басты қоғамдық көлік болып табылады.
әрі қарай
троллейбустар
алматы қаласындағы троллейбустар желісі 8 маршруттан тұрады, олар қаланың батыс, шығыс және оңтүстік бөліктерін «алматы-1» және «алматы-2» теміржол вокзалдарымен байланыстырып тұр.
әрі қарай
метро
метро алматы қоғамдық көлітерінің қаладағы ең жаңа түрі болып табылады.
әрі қарай
трамвайлар/жрк
жеңіл рельсті көліктердің алдын ала маршруты алатау ауданы депосынан басталады, одан әрі момышұлы, төле би, панфилов көшелерімен астана алаңына дейін - мақатаев көшесінің бойымен жетісу көшесіне дейін жүретін болады.
әрі қарай
такси
қазіргі сәтте қалада 20 дан астам таксомоторлы компаниялар жұмыс істеп тұр.
әрі қарай
велосипедтер
қыркүйек айында 270 велосипед паркі бар almaty bike автоматтандырылған велопрокат жүйесінің елу жаңа станциялары ашылды.