Тауыс (Павлин)
Павлиндер, тауыстар (лат. Pavo) – тауықтәрізділер отрядының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. 2 түрі бар: кәдімгі павлин (Р. crіstatus) және көкқанатты павлин (Р. mutіcus). Бұлар Үндістан түбегі мен Шри-Ланка, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Павлиннің дене тұрқы 110 – 125 см, салмағы 5 кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының (жергілікті халық оны құйрық деп атайды) ұзындығы 120 – 130 см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді, жақсы жүгіреді, қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Жәндіктер мен олардың дернәсілдерімен, құрттармен, моллюскалармен қоректенеді. 3 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Полигамды. Күйге келген қоразы неше түрге боялған “көздері” бар әдемі құйрық үсті қауырсындарын желпуіш тәрізді жазып жіберіп, тік ұстай алады. Ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы 4 – 7 қызғылт дақтары бар сұр түсті жұмыртқасын мекиені 30 – 35 күндей шайқайды. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта топтанып тіршілік етеді. П-дер Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және жеке адамдардың қолында ұсталады. Павлиндердің саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]
Адам бақыты деген не?
Бақыт дегеніміз не? деген сұраққа бір сөзбен жауап беру қиыншылық тудырады, себебі әркім бақытты әрқалай түсінеді, тіпті адам өмірінің әрбір кезеңінде түрлі материалдық және рухани құндылықтарды бақыт деп есептейді.
Әдетте, үлкен кісілер «бақыттың ішіне бәрі де сыяды» деп жатады, менің ойымша, бұл өте орынды сөздер. Мысалға, біреу үшін денінің саулығы бақыт болса, енді біреуінің ойынша, ол отбасы мүшелерінің амандығы, тағы басқа адам бақытты байлықтан іздейді. Есейе келе, менің де бақыт жайлы ой - пікірім өзгерген сияқты. Мысалға, бала күнімде мен үшін бақыт дегеніміз - жаңа ойыншық, әдемі көйлек, ата - анаммен қыдырып, ойнау бақыт болса, қазір бой жеткенімде мен үшін бақыт - ол сабағымды жақсы оқып, ата - анамның маған артқан үмітін ақтап отырғаным. Үйдегі жеңгемнен «Сіз үшін бақыт деген не?» деп сұрағанымда, ол кішкене бөпесінің сыңғырлаған күлкісі мен отбасының амандығы деп жауап берді. Ал анам болса, «бақыт дегенім - сендердің аман жүргендерің» дейді. Міне, көрдіңіздер ме, қарап отырсаңыздар, шынымен де бақыттың ұғымы өте кең, өміріміздің барлық жағын қамтиды. Дегенмен де, әр адам бақыт дегенді әр түрлі түсінгенімен де, барлық адам бақытты болуға лайықты деп ойлаймын.
Объяснение:
1)Егін,адам
2)егіннің,адамның