Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.
Әлемнің жеті кереметі
Олар:
Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
Жоспар:
1.Спорт-денсаулық кепілі
2.Мектептегі білім алушылардың спортпен шұғылдануы.
3.Салауатты өмір салты.
Диалог:
Ақнұр:Сәлем,қалайсың Айжан?
Айжан:Жақсы өзің қалайсың?Мен бүгін таң атысымен жүгіріп,жаттығу жасап үлгердім ал сенше?
Ақнұр:Мен жаттығу жасамадым!Мен ондай уақытта ұйықтап жатамын ғой.
Айжан:Жоқ,бұл дұрыс емес!Спорт денсаулық кепілі деген сондықтан жаттығу жаса үргенің өзіңе жақсы.
Ақнұр:Сен маған қандай спорт түрлерін жасауды ұсынасың?
Айжан:Ең бірінші жүгіруден бастағаның жөн.Себебі,жүгіру-өте оңай.Егер дәрігердің рұқсаты болмаса,тез қадамдармен күніне 5000-10000 қадам жасасаң жеткілікті!
Ақнұр:Жарайды,тағы да қандай жаттығу жасаған дұрыс?
Айжан:Оңай жаттығулардан баста,сонда сенің денсаулығың өте жақсы болады.
Ақнұр:Саған көп рахмет!Мен бүгіннен бастап салауатты өмір салтын ұстанатын боламын.Сау бол!
Айжан:көмегімнің тигеніне қуаныштымын!Ал сау бол!