1. Осы "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - осы техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексін , Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін және " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы, " Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы " 2002 жылғы 3 сәуірдегі, " Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы " 2002 жылғы 4 желтоқсандағы, " Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы техникалық регламенттің талаптары Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодтарына сәйкес жіктелетін техникалық реттеу объектілері болып табылатын синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларына қолданылады. 3402 - тауар позициясы ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" жіктеушісіне сәйкес).
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында пайдаланылған негізгі терминдер, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады.
1) аэрозольдік орам - металдан, шыны немесе пластмассадан жасалған, ішінде сұйықтықпен, сықпамен немесе ұнтақпен немесе онсыз қысым астында сығылған, сұйылтылған немесе ерітілген газ болатын бір реттік пайдаланылатын ыдыс. Осы ыдыс газда өлшенген қатты немесе сұйық бөлшектерді, көбік, паста немесе ұнтақты сұйық немесе газ тәрізді күйде лақтырылуына мүмкіндік беретін, аэрозольдік шашыратқымен жабдықталған шығару құрылғысымен жабдықталған;
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.