М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
magamedgalaev9
magamedgalaev9
05.01.2021 03:18 •  Қазақ тiлi

С.Мұратбеков «Жусан иісі». 1-сабақ Эпизодтардағы балалардың сөздерін сәйкестендір.

Садық

Есікбай

Балалар

− Ух, шіркін, сондай семсерім боп мен де соғысқа барсам, фашистерді тура бауша қияр едім...

Мұнан әрі соғысқа баруды, фашистерді қыруды, сөйтіп әке-ағаларымызды тауып алуды әрқайсымыз өзімізше сөз етіп, тәтті арманға шоматынбыз...

− Көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп келе жатқанымда, алдымнан көкем шыға келсе... Ой, керемет болар еді-ау, ә?​


С.Мұратбеков «Жусан иісі». 1-сабақ Эпизодтардағы балалардың сөздерін сәйкестендір.СадықЕсікбайБалала

👇
Ответ:
kamshatsabyr
kamshatsabyr
05.01.2021

Садық-Көк семсерді жарқ жұрқ

Есікбай--Ух шіркін

Балалар-Мұнан әрі

4,6(65 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

болашақтың мектебі

Менің қиялымдағы болашқтың мектебі.

Мен қаламыздағы іргелі оқу ордасы - №8 қазақ гимназиясында білім аламын. Биыл мектебіміздің жетпіс жылдық мерейтойы аталып өтеді. Елімізге танымал талай азаматтардың білім алған ордасында оқитынымды мақтан тұтамын, дегенмен мектепке соңғы жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Мені «арманымдағы мектеп қандай болар еді?» деген сұрақ жиі мазалайды. Білім алып жүрген алтын ұя мектебіме күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, арманымдағы мектепке айналса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен менің арманымдағы мектеп үш қабатты, өте кең, сыныптары жарық, соңғы техникамен жабдықталған болғанын қалар едім. Мектеп дәліздері де кең әрі ұзын болғанын қалаймын. Арманымдағы мектептің бірінші қабатында тренажерлармен жабдықталған үлкен спорт залы мен бассей және түрлі жиын өткізетін, әр түрлі музыкалық аспаптармен жабдықталған акт залы болады. Сонымен қатар, бірінші қабатта кітапхана болады. Кітапхана екі бөлімнен тұрып, бірінде орындықтардың орнына ыңғайлы креслолар мен түрлі жанрдағы кітаптар болса, екінші бөлімінде жылдам Интернет желісіне қосылған заманауи компьютер мен қажетті қазғаздарды шығарып, көшірме түсіріп алатын көпфункционалды құрылғылар, сөрелерде қажетті кеңсе тауарлары болады.

Екінші және үшінші қабатта оқу сыныптары болады. Әрбір сыныпта интербелсенді тақта, маркермен жазатын тақта, әрбір оқушының өзінің жеке үстелі болады.

Тегін асхана екінші қабатта орналасады. Онда күнделікті дәмді тағамдар әзірленіп, барлық оқушылар тегін тамақтанатын болады.

Тағы бір арманым – әрбір оқушының жеке заттарын сақтау үшін кішкене шкафы болады. Үй тапсырмасы мектепте жасалып, сабақ сағат үште аяқталатын болады. Сабақ біткен соң оқушылардың тұратын ықшам аудандарына сәйкес, бес автобус үйге жеткізіп салатын болады.

Объяснение:

и лучший ответ

4,7(12 оценок)
Ответ:
gjvftyGHbgg
gjvftyGHbgg
05.01.2021

Қазақ хандығының жері бірнеше есе ұлғайып, халқының саны миллионға жеткен тұс – Қасым ханның дәуірі. Жалпы, қазақ үшін ең маңызды кезеңдердің бірі дәл осы тұс. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерге сүйенсек, Қасым хан 15-ші ғасырдың 70–90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлері үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректерде Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді.

Қазақ тарихында Қасым ханнан кейін де көптеген мықты хандар хандыққа билік жүргізді. «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағымен белгілі Есім хан, 600 әскермен 50 000 жоңғарға тойтарыс берген Жәңгір хан, қой үстіне бозторғай жұмыртқылаған заманды орнатқан және «Жеті жарғы» атты заңдар жинағын шығарған Тәуке хан, дипломатияны шебер пайдалана білген Абылай хан, ең соңғысы орыс әскерлерін тентіреткен Кенесары хандардың есімі қазақ тарихында алтын әріптермен сақталды. Бұлар хандық үшін көп еңбек сіңіргендер. Кейіннен Кеңес үкіметі орнаған тұста алашордашылардың көсемі Әліхан Бөкейхановтың, Қазақ КСР-ін 40 жыл басқарып, 40 қала тұрғызған Дінмұхамед Қонаевтың орасан еңбегі ерекше.

Кеңес үкіметі құлап, елдер тәуелсіздік алып жатқан тұста етек-жеңін жинай біліп, қазақты қиын кезеңнен алып шықан бүгінгі Президентіміз Н.Назарбаев екені белгілі. Сонау 90-шы жылдардың орта тұсында ішерге тамақ, киерге киім таппай қалған кезеңде осындай көшбасшымыздың болуы қазақ халқының бағы еді. Бүгін Тәуелсіз Қазақстан дүниежүзіне ықпал ете алатын, беделі зор, бейбітшілікті ту еткен ерекше қонақжай халық болып өмір сүріп жатыр. 17 миллион халқы бар еліміз тарихын тіктеп, болашаққа қарай нық қадаммен келе жатыр. Сондықтан осы күнге шүкіршілік етуіміз керек.Объяснение:

4,4(83 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ