Текст:Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп. Екінші орында IT-технолог, бағдарламашылар, веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады. Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б. Бүгінгі таңда биотехнология, электроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие.
Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері, тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық иелерінің орны бар. Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек.
1-тапсырма. Мәтіннен алынған тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңдар.
Тірек сөздер: мамандық, сұраныс, нанотехнолог, бағдарламашы, инженер.
Вот ответь и нез
ОбъяснНаурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Халықтың баяғы түсінігі бойынша бұл түні даланы Қыдыр аралайлы.
Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылады. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен наурыз көже дайындалады. Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылады. ение: