маганда керек
Объяснение:
Наурыз көже
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.
Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз. Енді құрамындағы әрбір тағамға толығырақ тоқталып кетсек. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді.
Келесі – ет. Қазақ халқының сүйсініп жейтін әрі аса қадірлейтін тағамы ретінде көжеге міндетті түрде ет қосылады, әдетте сүрленген ет қосады. Бұл – «ет көп болсын» деген мағына білдіреді.
Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды.
Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.
Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.
Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.
Әрине, көже дайындауға тек осы тағамдар қосылу керек деген қатаң талап жоқ, әркім өз қалауынша әзірлей береді. Бірақ, ең бастысы, құрамында жеті түрлі тағам болуы шарт.
Пешенесіне ел несібесін еселеу бұйырған диқандар қауымы жер қарая алқапқа асығады. Қар кетпестен қарекетке көшкен олар көктемнің әр күнін – қыстың азығы деп біледі. Облыс аумағындағы алқаптарда дәл осындай қарбалас шақ басталды. Бүгінгі күрделі кезеңде де, диқандар ынтымағы ыдырамастан ел ризығы үшін еңбекке кірісті. Уақытша туындаған қиындықтар диқанның даладағы жұмысына кедергі келтіре қойған жоқ.
Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы сағынжан Апақашовтың айтуынша, қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері ылғал жабу басталады. Бұған дейін белгіленген меже бойынша астық 895 мың гектарға себіліп, 15 800 гектарға картоп отыр ғызылады деп жоспарлануда.
– Көктемгі егіс жұмыстарына шаруалар әзірлік үстінде. 1516 сәуірден өңірлердегі шаруа шылықтар жаппай ылғал жабуды бастайды. Биыл дәнді және дәндібұршақты дақылдар 895 мың гектар алқапқа себіледі. 15 800 гектар алқапқа картоп отыр ғызылады. Тұқыммен толық қамтылған. Дәнді дақылдың 96 мың тонна тұқымы бар. Сондайақ, 27 мың тонна картоп бар, – деді басқарма басшысы.
Жанармай мен жағармайда да толас болмайтыны анық болып отыр. Облыстың шаруашылықтарына Үкіметтен жалпы көлемі 19 мың тонна арзан датылған дизель отыны тиесілі болса, оның литрі 165 теңгеден беріледі. Басқарма мамандары бұл істе іркіліс болмайды дейді. Сәуір айындағы жоспар – 6 мың тонна. Жоспардың орындаларына сенім зор.
Бұдан бөлек егіс жұмыстарына байланысты шаруагерлерге «Аграрлық несие корпорациясы» ар қылы 2 млрд. 100 млн. теңгенің несиесі берілген. Қазіргі таңда туындап тұрған мәселе жоқ.
«Қосалқы бөлшектермен қамту жайы да штаттық тәртіпте шешімін табады» – дейді сағынжан Апақашұлы. Жалпы, қосымша бөлшектер сататын 4 дүкен бүгінде жұмыс істеп тұр. Ал, аудандардағы шаруагерлердің техникасына қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізудің жолы шешілетініне сендірді басқарма басшысы.
Жалпы, бұған дейін жария етілген деректерге сүйенсек, майлы дақылдар – 28,1 мың гектарға, азықтық дақылдар 64,5 мың гектарға сіңіріледі. Ал, 96 мың тонна дәнді дақыл тұқымының ішінде элита – 6,9 мың тонна, бірінші репродукция – 28,1 мың тонна және картоп 27,0 мың тонна екендігі жария етілген. Алдын ала талдау нәтижесі тұқым көлемінің сапалылығын көрсеткен.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 10 мыңнан астам трактор, 193 егіс кешені және 6 мыңға жуық тұқымсепкіш жұмылдырылатындығы мәлімделді