М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
1705081705
1705081705
19.06.2022 17:06 •  Қазақ тiлi

Савроматтардың қоғамдық бөлінісі туралы әңгімелеңдер ​

👇
Ответ:
msteep6
msteep6
19.06.2022

Савроматтардың қоғамдық бөлінісі туралы әңгімелеңдер Савроматтар - Жайық өңірі мен Еділдің төменгі сағасын мекендеген көптеген ежелгі тайпалардың атауы.

Савроматтар - сармат тайпалары түркі халықтарының, қазақ ұлтының қалыптасу тарихына терең із қалдырған алғашқы мемлекет бірлестіктерінің бірі.

Көптеген уақыт бойы Савроматтар тайпаларының тарихи отаны белгісіз болып келді. Соңғы археологиялық зерттеулердің нәтижесінде Савроматтар мәдениеттің ошағы б.з.б. 6 ғ. төменгі Еділ мен Жайық алабы екені анықталды.

Жазба деректер мен соңғы археологиялық материалдар бойынша, Савроматтар солтүстік Қаратеңіз скифтеріне туыстас тайпалар бірлестігі болған.

Геродоттың жазуынша, Савроматтар жауынгер әйел-амазонкалардан туып, алдымен скифтермен соғысып, артынан олармен туыстасып, Танайс (Дон) арқылы Еділге көшеді. Ертедегі авторлардың айтуынша, Савроматтар қоғамында әйелдер ерекше рөл атқарған. Олар ерлермен бірдей соғысқа қатысқан.

4,4(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Nika31303
Nika31303
19.06.2022

Астана туралы сұрақтар құрастыру (жауаптарымен).

Еліміздің бас қаласы? Астана қаласы.

Астананың бұрынғы атауы? Ақмола қаласы.

Қаланың атауы қашан өзгертілді? Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қашан қабылданды? Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.

Астананы ресми көшіру қашан жүзеге асты? Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.

Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? Есіл өзенінің бойында.

Астана «әлем қаласы» атағын қай жылы алды? 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.

Елордамызда Халықаралық EXPO көрмесі қашан өткізілді? Халықаралық EXPO көрмесі 2017 жылы өткізілді.

Объяснение:

4,5(71 оценок)
Ответ:
SulikMur
SulikMur
19.06.2022

1)Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.

Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзеніні бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.

2)Тәңіршілдік (немесе Тенгризм, Тенгрианизм) — дәстүрлі түркілік дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілімдік[1], метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер, және кейбір осызамандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың, маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы, Шығыс Түркия (Хазария) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. ІХ ғ түркілердің әйгілі туындысы «Ырық бітік» кітабында "Тәңірі - Түрік Тәңірісі" (Түріктердің Құдайы) ретінде аталған.[2] Көптеген ғалымдардың пікірінше, империялық деңгейде Тәңіршілдік әсіресе ХІІ - ХІІІ ғасырларда монотеизмдік сенім/дін ретінде ұстанылған; қазіргі Тәңіршілдердің көбі оны монотеизмдік деп санайды.

4,6(94 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ