М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nadyam1982
nadyam1982
25.08.2021 21:03 •  Қазақ тiлi

Рассказать о монументе Казахстана на казахском языке​

👇
Ответ:
ilia113
ilia113
25.08.2021

«Бәйтерек» монументі ертедегі көшпенділердің дүниетанымын танытатын терең философиялық мағынаға ие. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр.Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.

Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Эпикалық түсіндірмесі бар. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен өрсек, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына» айналды.

Объяснение:

Бәйтерек – Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.Орналасуы

 Қазақстан, Нұр-Сұлтан

Құрылысы басталды

30 тамыз 2002

БиіктігіАнтеннаның төбесі

105 м

Шатыры

97 м

Техникалық сипаттамасыЛифтілер

2

Дизайны мен құрылымыСәулетшісі

Ақмырза Исаұлы Рүстембеков

Инженер-құрылысшы

М.Вахштейн

4,7(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
biolev
biolev
25.08.2021
Жалпы ақпарат

Алматы

Асқақ Тянь-Шань тауы жотасының көкжасыл бауырайынан орын тепкен қаланы «қала-бақ» деп атайды. Қала маңының табиғаты да әсем: мен мұңдалаған, алып тау шыңдары, асау өзендер, түрлі жұмбақ үңгірлер, бірегей реликті шоқ тоғайлар, бәрі де қаладан бірнеше шақырымда ғана жатыр.
Бұл жер тарихта Жетісу – «жеті өзен елі» атымен белгілі, қәзірде еліміздің ең бай және көрікті аумақтарының бірі.
Алматы туризмінің ерекше қызықтыратыны, саяхатшы бір күннің ішінде бес климаттық аймақтың куәсі бола алады – ыстық шөлді жерден бастап, мәңгілік қарға дейінгі жолдан өтеді. Бұл өлкенің көрікті табиғат кешені әр түрлі туризмнің гүлденуіне мүмкіндік жасайды.
Алматы Қазақстанның табиғаты сұлу тау қойнауында, Орта Азияның климаттық жағдайы ең қолайлы жерлерінің бірінде орналасқан. Тап-таза мөлдір тау суы қалаға, жасыл желектерге нәр беріп, ауаны тазартады.
Бұл туристер үшін де бәрекелі өлке. Мұнда тамашалап көретін, Хан Тәңірі шыңы мен Шымбұлақтың қар басқан жолдарынан Ұлы Жібек жолы, Әнші құмдар маршруттарына дейінгі, бірегей жерлер өте көптеп кездеседі.
Қала Евразия құрылығының дәл ортасында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 700 ден 1100 м биіктіктегі, Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан. Оның үстінен, биіктігі жағынан Қазбек, Монблан шыңдарынан кем түспейтін, Талғар (5017м), Нұрсултан (4376м), Үлкен Алматы (3684м) шыңдары мен мұңдалап алыстан көрінеді.
Алматының климаты шұғыл континентальды, жыл бойы ғана емес, тәулік бойы да температураның ауытқып отыруы жиі байқалады. Халқының саны - 1 млн. 500 мың, жер көлемі - 350 кв.м, экономикалық белсенді халқының саны - 763 мың адам.
Алматы көк желекпен көмкерілген. Оның 10 000 гектар аумағын саябақтар мен шоқ тоғайлар, гүл бағзалар және бақшалар алады. Орталық көшелері мен даңғылдары, арықтар мен фонтандарды, егіндік пен бақшаларды төмен қарай құлдырай ағып жатқан, үш тау өзендері – Есентай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерімен жарыса, жоғарыдан төменге, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр.
Қалаға салқын ылғал ауа әкелетін фонтандар (су бұрқақтар) мен көз қуантар гүл бағзалар ерекше әсемдік береді.
Қала көркі кешке және түнде, түрлі түсті жарқ-жұрқ еткен сары, ақ, қызғылт моншақ-шамдар ұшқындары қатар тізіліп, таңғаларлық сұлу кейіпке енеді. Витриналар, кафе, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының оттары таң атқанша сөнбейді.
Алматы – Іле Алатауы баурайында алқызыл гүлге бөленген, Орта Азияның ең әсем қалаларының бірі ретінде мойындалған, қала бақ. Алматылықтар өз қаласының әлемдегі ең сұлу қала екендігін мақтан етеді.

 

Әкімшілік-территориялды бөлінуі: Алмалы ауданы, Әуезов ауданы, Бостандық ауданы, Жетысу ауданы, Медеу ауданы, Түрксіб ауданы, Алатау ауданы.

 

Этникалық құрылымы: қазақтар (61%) және орыстар (23%), сонымен қатар жүзге жуық басқа ұлт өкілдері де тұрады: немістер, украиндер, ұйғұрлар, кәрістер және басқалары.

 
4,4(75 оценок)
Ответ:
luzhtzkayanasty
luzhtzkayanasty
25.08.2021
Жақсылық пен жамандық — жеке адамдар мен әр түрлі топтардың іс-әрекеттеріне, әлеуметтік құбылыстар мен қатынастарға адамгершілік тұрғысынан берілетін этикалық баға. Жақсылық деп белгілі бір қоғам (не белгілі бір топ) адамгершілік деп танып, жалпыға өнеге ететін іс-қимылдарды айтады. Жамандық деп, керісінше, адамгершілікке лайықсыз деп танылатын іс-әрекеттерді айтады. Осы екі ұғымның мәнін түсіндіру, олардың арақатынастарын айыра білуді іздеу барлық халықтар арасында ерте кезден-ақ басталған. Ислам дінінде Жақсылық пен жамандықтың адамның өз ниетіне байланыстылығы айтылады.“Мұхаммед (с.ғ.с.): ...кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық сенің қолыңда” (Құран Кәрімде 3:26) Әйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі қошталынбайды: “Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді” (4:36). Жалпыға бірдей қабылданған адамгершілік қағидаларға жат жамандық іс-әрекеттер қай уақытта да этикалық тұрғыдан айыпталынады. Солай бола тұра бұл категориялардың белгілі, тұрақты өлшемі де жоқ, әсіресе, жеке адамның субъективті ой-пікірі тұрғысынан келгенде Жақсылық пен жамандықтың аясы бірде тарылса, бірде ұлғайып отырады. Қатыстылық жағынан біреуге игілік болып көрінген іс-әрекет өзге біреуге қиянат болуы, сондай-ақ, керісінше, біреуге қиянат болып көрінген әрекет, біреуге игілік болуы ықтимал. Мұндай салыстырмалы түрдегі Жақсылық пен жамандықтың неғұрлым айқын да анық бағасы қалай болғанда да жақсылықтың — жағымды, жамандықтың — жағымсыз құбылыс екендігінде. Сондықтан жағымды жақсылыққа адам жаны әрдайым құштар. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Жақсылық пен жамандық мәңгілік тақырыпқа айналып, өнегелі іс пен өмірлік мәселелерде жақсылық алғы кезекке қойылған. 19 ғасырда өмір сүрген қазақ шайыры Майлықожабұл туралы былай дейді: “Жақсылық отқа күймес, суға батпас, Гауҝар тас жарық қылмай жерде жатпас, Қолдан келсе етіңіз жақсылықты, Жақсылықты еткендер жаман таппас”. Қазақ даласынан шыққан ұлы ойшылдар: Қорқыт Ата, Әбу Наср әл-Фараби, Қожа Қожа Ахмет Ясауи,Жүсіп Баласағұн, Абай, т.б. халқымыздың дәстүрлі дүниетанымындағы жақсылық, ізгілік ұғымдарына терең мән беріп, оларды әлемдік философиядағы түсініктер деңгейінде қарастырады. Олардың пікірінше, жеке адамның жақсылыққа ұмтылуы, ізгі іс-әрекеттер жасауға құштарлығы — әділетті қоғам құрудың басты шарты.
4,5(78 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ