М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lidatutaeva
lidatutaeva
06.01.2020 02:15 •  Қазақ тiлi

Морфологиялық талдау жаса.

Бидайларын-

👇
Открыть все ответы
Ответ:
stasnotrage
stasnotrage
06.01.2020
Mitsubishi зерттеу институтының пайымдауынша, 2030 жылы Күншығыс елінде Роботтардың жұмыс істеуіне байланысты  2,4 миллион адам қызметінен қысқартылмақ. Яғни, болашақта адамның  қол күшін жасанды интеллекті бар роботтар алмастыратын болады. Бұл – адамзат  үшін үлкен сын-қатер. Оны тоқтату мүмкін бе? Бұл техникалар  қаншалықты тиімді? Ең алдымен Сатоси Сирато институтының қызметкерінің сөзін назарларыңызға ұсынамыз: «Жасанды интеллекттің дамуына байланысты, өнімді секторлар ғана емес, жалпы жұмыс орындарындағы қысқартуларға әкеліп соғады. Соған байланысты бұл жүйені өндірер алдында жақсылап ойлануымыз қажет. Мәселен, жұмысынан айырылып қалғандар үшін аз-кем табыс әкелетіндей ғана шығаруға  болады». Ол айтып отырған «Жасанды интеллект» туралы сіз не білесіз? Жасанды интеллект дегеніміз – адамның ойын, іс-әрекетін компьютерде бейнелейтін компьютерлік жүйе. Бұл сөзді алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде, Жон Маккарти есімді азамат қолданған көрінеді. Содан бері бұл саланы зерттеушілер мен оған қызығушылық танытушылар күн санап артып келеді. Жон мырзаның пайымдауынша, жасанды интеллект екі бағытта жүзеге асады. Біріншісі, адамның интеллектуалды әрекетін қарастырса (есептер мен теоремаларды шешу, т.б.); екіншісі адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.  Міне ғажап! Ендігәрі роботтар мен адамдар қатар қызмет етеді. Бұл – ғылыми жаңалық, расымен. Десе де, аталмыш мәселе – үлкен  қауіптің басы болып тұр. Себебі, одан кейін халықта технологиялармен емес, адамдардың жұмыссыздығымен күрес басталмақ... Сарапшылардың  пайымдауынша да, роботтандыру бірінші кезекте өнеркәсіп,  қызмет көрсету мен сауда-саттық саласындағы 7,4 млн жұмыскерлеріне қолбайлау болмақ. Технологияларды (Әрине, бәрін емес. Адамзат үшін қауіп төндіретіндерін) жақында өткен   «CES – 2017»  секілді инновациялық көрмелер үшін ғана шығару керек секілді. Себебі, «жасанды интеллекті бар робот»  бәрібір адам емес. «Жасанды»-ның тоғы  сөнеді де қалады. Ойланайық  
4,8(5 оценок)
Ответ:
Iaro
Iaro
06.01.2020

Жақсы кітап – жан азығы. Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихын, өмір өткелдерінен туған өзгерістер мен жаңалықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын киелі орын. Сол себепті бір күнімізді кітапханаға арнап, кітапханашылық қызмет атқардық.

Рухани ордаға кіргеннен қазақ ақын-жазушыларының еңбектері, рухани жаңғыру мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған бұрыш көзге түсті. Көрмеге қойылған әр еңбектің авторына, мазмұнына көз жүгірттім. Несін жасырайын, қолыма кітап алып, иісін сезбегелі де көп болыпты-ау. Алыстан аптығып келіп, анасының омырауына басын қойып мауқын басқан баладай жаным жайланып сала берді. Бір сәт орнаған үнсіздікті «Сәлеметсіз бе?» деген дауыс үзіп жіберді. Сөйтсем, менің манадан бері қалшиып тұрғанымды байқаған кітапхана қызметкері екен. Жөн сұрасып болған соң, ғимараттың барлық бөлімдерін таныс­тырып шықты. Әдебиеттерді жабдықтау бөлімі, оқу залы, анықтама бөлімі, әдістемелік-библиографиялық бөлімдері оқырмандарға қызмет көрсетеді. Сонымен, рухани ортадағы жұмыс күнім бас­талып кетті.

Анықтама бөліміне орналасып, күні бойы келім-кетім адамның керегін тауып беріп, әйтеуір қолдан келген қызметімді сапалы түрде көрсетуге тырыстым. Бір байқағаным, тұрақты оқырманнан бөлек, бір күнде 10-12 адам жаңадан тіркеледі екен. Бұл – қуантарлық жағдай болды мен үшін. Таң азанмен зейнеткерлер, орта буын өкілдері және мекеме қызметкерлері кітапханаға бас сұқса, түс ауа сабақтан босаған студенттер мен оқушылар ағылды. Келген оқырманның басым көпшілігі жергілікті ақын-жазушыларды, Елбасының еңбектерін көп сұрайды. Кітап қоры мол, оқырман сұранысын дер кезінде тауып беруге шамамыз жетті. Қолым қалт еткенде, мекеме басшысы Ұлмекен Меңдібаеваны әңгімеге тартып та үлгердім.

– Қазіргі таңда өңірімізде барлығы 18 кітапхана жұмыс жасайды. Оның біреуі аудандық, біреуі балалар кітапханасы, қалғандары ауылдық кітапханалар. Кітап қоры – 73333. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы басым бағыттардың бірі – «Цифрлы Қа­зақ­стан» жобасына сәйкес ақпараттық жүй­елерді қалыптастыру, жетілдіру, аза­­­маттардың тиісті мәліметтерге қол­же­тімділігін қамтамасыз ету мақса­тын­да біршама жұмыстар атқа­рылды. РАБИС бағдарламасында әдебиеттер элек­­­­­тронды каталогта сақталады. Бұл бағ­­­дарламамен 7 кітапхана жұмыс жа­сайды. Электрондық каталогқа жүйе бо­йынша 104068 дана кітап пен 6790 мақала енгізілді. Қазіргі за­манғы кі­тап­­­ханалардағы ақпараттар пай­да­ланушылардың барлығына дерлік қол­жетімді болуы керек. Осыны негізге алған ауданға қарасты 14 кітапхана интернет желісіне қосылған. Яғни, оқырман кез келген жерде отырып интернет желісінің көмегімен керек ақпаратқа қол жеткізе алады, – дейді Ұлмекен Әбілтайқызы.

4,8(14 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ