А жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, а ң шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді.
Бала күнімізде денешынықтыру сабағын ұнамайды деп айта алмаймын, дегенмен маған қиындықтар тудырғандықтан келеңсіз жағдайларға тап болатын едім. Бір күні мұғалім ертең дайындалып келіңдер, есектен, аттан секіреміз,-деді. Дала жауын-шашын күзді күн болатын, дайындалып келдім, әрине. Спорт залда киетін киімдер алмадым, өзіммен. Менен өзге оқушылар спорт залға бет алды, мен мұғалімнен есекпен аттан секіреміз демеп пе едіңіз дедім. Ол, ия, - деп спорт залға шақырды. Менің есек пен ат деп жүрген спорт құралдарының бір түрі екен . Осылай жұртқа біраз уақытқа дейін күлкі болғаным бар. Осыдан кейін алдыма анық мақсат қойдым. Тілді жақсылап үйрену, ана тілінен басқа тілдерді де, терминдері үйрену, спортқа қатысты да, басқа да, міндетті түрде спортпен шұғылдану. Секіруден биіктікке де қашықтыққа да, алдыма жан салмау. Барлығы арман, орындалды.
Светлое-Ашық
Темное-қаранғы