1. Қималардың әр түрлері белгісін, мекенін, мезгілін, мақсатын т.б. сипаттарын білдіретін сөз табын көрсетіңіз.
A) етістік
B) етіс
C) сан есім
D) үстеу
ответ: D) үстеу
2. Үстеу мағанасына қарай неше түрге бөлінеді?
A) 5
B) 6
C) 7
D) 8
ответ: D) 8
3. Бұл сұрақтар қай үстеудің сұрақтары?Қайда? Қайдан? Қай жерден?
А) мезгіл
В) мекен
С) сын-қимыл
D) себеп
ответ: В) мекен
4. Мекен үстеуді табыңыз.
А) ілгері, төмен
В) жазда, түнде
С) сәл, аз
D) ерте, кешке
ответ: А) ілгері, төмен
5. «Қашан?» деген сұраққа жауап беретін сөздердің қатарын табыңыз.
А) төмен, алға, жоғарғы
В) өте, тым, аса
С) жаздыгүні, бүгін, кешке
D) жылдам, асығыс, мүлдем
ответ: С) жаздыгүні, бүгін, кешке
6.Сын-қимыл (қимыл-сын) үстеуін белгілеңіз.
А) Жеті, он
В) Ақырын, жылдам
С) Аққу, тасбақа
D) Мен, біз
ответ: В) Ақырын, жылдам
7. Себеп- салдар үстеуін табыңыз.
А) Бұл сөзді босқа айтпадым.
В) Маған көмектесу үшін алыстан келіпті.
С) Әзіл айтсаңда әділ айт.
D) Шәкен 20 жыл бойы драма театырында.
ответ: А) Бұл сөзді босқа айтпадым.
8. «Әдейі, қасақана, жорта» сөздері қай үстеуге жатады?
А) мөлшер үстеуі
В) мақсат үстеуі
С) сын-қимыл үстеуі
D) мекен үстеуі
ответ: В) мақсат үстеуі
9. Мөлшер үстеулердің қатарын табыңыз.
А) әбден, тым, ең
В) тысқары, ішкері,әрі
С) кеше, кешке, кешкісін
D) біраз, талай, қыруар, көп
ответ: D) біраз, талай, қыруар, көп
10. Күшейткіш үстеуін табыңыз.
А) артық қалам
В) көп ел
С) өте жылдам
D) жап-жасыл
ответ: С) өте жылдам
Объяснение:
Шешендік сөздер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үшке бөлінеді.
Шешендік толғау. Айтушының табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған ақылгөй, дана қариялар көрген-білгендерін қорытып, келер ұрпаққа айтар аманат-ақылын, өсиетін шешендік толғау түрінде білдіреді.
Шешендік толғаулардың көпшілігі өзінің тәрбиелік, дидактикалық мазмұнына сәйкес табиғат құбылыстары мен адам өмірін қатар алып салыстыру, шешендестіру тұрғысында келеді.
Міржақып Дулатов қаламынан талай белді
туындылар жарық көргені белгілі. Сондай
аталмыш шығармаларының бірі - "Бақытсыз
Жамал" романы. Ол қазақ әдебиетінің
тарихында тұңғыш рет роман деген жанрлық
анықтама қойылып, жарияланған прозалық
көлемді туынды еді.
Прозалық туындының сюжетіне тоқталып
өтсем, оқиға Сәрсенбайдың бір перзентке
зар болып Шолпанға үйленуінен бастау
алады. Одан Жамалдың тууы, Жамалдың
молдадан оқып, ұл балаша тәрбиеленеуі,
әдемі бойжетуімен жалғасады. Сәрсенбайдың
билік үшін көмектеседі деген есеппен Байжан
баймен құда болуы еркін өскен Жамалдың
жүзіне мұң сыйлайды. Бұған анасы Шолпан
да қарсы болған еді.
Мен қайран атам малға сатқанына,
Бір тазды жалпақ елден тапқанына.
Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген
Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген
Мал беріп мені өзімсіп жатқанына, -
деп көздің жасын көлдетіп жүргенінде,
бір тойда жас, оқыған, сыпайы, сұлу жігіт
Ғалимен танысады.
Екі ғашық бір-бірінің тілін тез тауып, хат
алмасып жүріп, ақыры қашып кете
барады. Байжанның келінінің кетіп қалуына
орай жасаған барлық әрекеттері, өтірік қағаз
жасатуы шығармада оның жауыз, дүниқңыз
жан екенін аңғартпай қоймайды. Ғали аяқ
астынан ауырып қайтыс болып, Жамалдың
жан жарасына айналады. Оқиға Жамал еріксіз
Байжан босағасына келіп, Жұманнан көрген
қорлық-зорлық, ақыры боранда адасып
өлуімен аяқталады.
Қортындылай келе айтарым, роман құрылымы
жағынан ауыр әрі кейіпкерлері көп болмаса
да сол заманның бүкіл елді жайлаған дертін
көрсете алды деп білемін. Жамал ескіліктің,
қараңғылықтың жетегінде кеткен ару қыз. Сол
заманда көп қыздардың тағдыры осындай
болғаны өкінішті
Объяснение: