Музыка – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
ТЫЙЫМДАР • Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады. • Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп, таянады. • Жер таянып отырмайды. Жақынынан айырылған адам ғана жер таянады. • Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады. • Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бүл - қолы байланған түтқынды еске салатын жаман ырым. • Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады. • Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады. • Тізені қүшақтамайды. Бүл - «Үрпақсыз қалдым», «Қу тіземнен басқа қүшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді. • Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді. • Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болъш саналады. • Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бүл да әдепсіздік белгісі. • Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады. • Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бүл қол-аяғы байланған түтқынды еске салады. • Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді. • Тандай қағуға болмайды. Үй ішінде тандай қаға беру - жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.
Абай Құнанбаев
Бір аяқ сусын - екі кісінің құны: су табылмаса шөлдеген өледі, ұяттан - тауып бермеген өледі.
Сырым Датұлы
Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.
Ғабит Мүсірепов
Әділеттілік, арлылық пен махаббат - қабірден әрі өткендегі үш жолдасың осылар.
Абай Құнанбаев
Арсыз болмай - атақ жоқ.
Абай Құнанбаев
Арын сатқан антұрғанның айтқан сөзі құрсын.
Абай Құнанбаев
Арыңды сатып тапқан мал - харам.
Абай Құнанбаев
Пайда ойлама - ар ойла.
Абай Құнанбаев
Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар.
Абай Құнанбаев
Ар-намыссыз - ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл.