Халқымның «әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-ң асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен.сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы- тұмар падишаның ерлік істері. «маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. сонда енді не бар? ! » деп тұрсыңдар ғ менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, - деген тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған.
Ата - ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр елде бар. Ата - ана көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала соны айтып былдырлайды. Оны жасөспірім мен қартайған шал да, боранмен алысып жүрген эвенк пен кепесінде отырған үндіс те қайталап айтады. Байлығы шалдыған үйден де, кедейдің лашығынан да осы сөз құдіретті естіледі. Даңққа бөленген әртіс әр уақытта ата-анасын жадында сақтайды, ақын өлеңдері мен әндерінде жырлайды, суретші олардың бейнесін суретте мәңгі қалдырады. Мүсінші оны тастан қашайды. Ата-ана барлық адамның және бүкіл дүниенің символы. Ата-ана баласын мейлі ол әйгілі немесе елеусіз болсын, мейлі ол білімсіз немесе білімді болсын, мейлі ол алжыған шал немесе жас болсын, король немесе қайыршы бодсын - бәрібір сүйеді, ата-ана үшін - бұл менің ұлым-қызым деген қарапайым да жоғары, қастерлі бір-ақ ұғым. Ата-ана балаларын өсірді, оған өмір берді, өз өмірін де соған арнаған. Оар баласымен бірге күледі, сонымен бірге күреске шығады - бәрін де, барлық істе де олар сонымен бірге. Ата-ана махаббаты қандай ғажап еді! Ол көбімізді жігерлендіреді.