М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
gulya19860630
gulya19860630
08.02.2022 16:39 •  Қазақ тiлi

АЙТЫЛЫМ 1 1-тапсырма. Үзінді бойынша сұрақтар дайындап, диалог құрыңдар.
2017 жылы Қазақстанда өткен «ЭКСПО» көрмесіне энергетика, мұнай
газ саласы бойынша 130 жоба ұсынылған. Сол жобалардың бірталайы бола-
шақта іске асады. Ақмола облысы басшылығының мәліметі бойынша, маман-
дар осы облыс үшін тиімді 5 жобаны таңдап алған. Мұнда «Жасыл энергети-
ка» тұжырымдамасына сай құбырсыз газ тартылады. Сонымен қатар Ақмола
облысының Аршалы ауданында қуаты 100 МВт болатын жел электр стансысы
салынады. Бұл жобалар экономикалық, экологиялық жағынан тиімді.​

👇
Ответ:
мопс22
мопс22
08.02.2022

Жауап:

Если что-то неправильно, то извините.


АЙТЫЛЫМ 1 1-тапсырма. Үзінді бойынша сұрақтар дайындап, диалог құрыңдар.2017 жылы Қазақстанда өткен
АЙТЫЛЫМ 1 1-тапсырма. Үзінді бойынша сұрақтар дайындап, диалог құрыңдар.2017 жылы Қазақстанда өткен
4,7(77 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
alina1749
alina1749
08.02.2022
Қызы бардың ізі бар, яғни, қыз болашақ ана, өмірге ұрпақ әкеледі, із деп отырғаны, ұрпағы.

Әйел үйдің сәні, себебі, ер адам табыс тапқанымен үйдің барлық жағдайын жасайтын әйел, тазалығын, бірлігін сақтайды, балаларын тәрбиелейді.
Әйелдің жолы үлкен, бұл жерде тек ана болғандығынан жолы үлкен.
Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар. Мақалда айтылғандай, ер адамда жағымсыз әрекеттер болса жақсы әйел елге жария етпей өзінің жақсы мінезімен жөндейді, жаман әйел күнде ұрыс шығарып, елге жаяды. Жақсы әйел ерінің жақсылықтарын мақтаныш етіп, ерінің мерейін үстем етеді.
Әке көрген оқ жонар- яғни әке тәрбиесін көрген ер бала ер адамға лайық істердің бәрін әкеден үйреніп, өмірге дайын болады. Шеше көрген тон пішер- шеше тәрбиесін көрген қыз, анасынан көргенін өмірде қолданып, ісімен де сөзімен де алған тәрбиесін көрсетеді.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің- бұл мақалда отбасында көрген тәрбиең қандай болса, өмірде сен де сондай болатының туралы. Мақалдардың бәрі тәрбие туралы.
4,4(36 оценок)
Ответ:
Tina2103
Tina2103
08.02.2022
Әлем елдері Жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алу дәстүрі де бір-біріне ұқсамайды.
Мәселен, Болгария халқы Жаңа жыл күні жарықтарды сөндiреді, себебі, жылдың алғашқы минуты сүйісу уақыты болып саналады. Ал Жапонияда Жаңа жылды қарсы алу сәтінде қоңырау 108 рет соғылады екен. Сонымен….
Панама
Жаңа жылды алғаш рет Панамада қарсы алған кісінің тосыннан қорқып қалуы мүмкін. Өйткені мұнда Жаңа жыл мерекесі өрт сөндіргіш мұнарадағы зор қоңыраудың құлақ тұндырарлық ащы даусымен басталады.
Халық туыстарын, таныстарын, тіпті бейтаныстарын да осы қоңыраудың қуатты күмбірі астында құттықтайды. Осы күні мұнда керемет шу көтеріледі. Автокөлік сигналдары шыңғырып, сирена даусы ұлып, адамдар улап-шулап, не болса соны даңғырата қағып, азан-қазан болады. Бұл кезде жас балалар түгіл үлкендердің де қуанышында шек болмайды.
Үндістан
Үндістанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта (қыркүйектен наурызға дейін) қарсы алады. Үй иесі-от анасының міндеті — үйін өз қолымен істелген түрлі әдемі заттармен безендіру. Бұл елде Жаңа жыл мерекесінде ұшырылған батпырауықты садақпен атады екен. Батпырауықтың көлемі өте үлкен және түрлі түске боялады. Ең мерген біреуі оны садаққа жанып тұрған оқ салып атады. Батпырауық тұтанған кезде той басталады. Бұл тойда би биленіп, өлең айтылып, әр түрлі спорттық ойындар көрсетіледі. Кеш соңында әркім өз өнеріне сай сыйлықтармен марапатталады.
Венгрия
Венгрияда Жаңа жыл Рождество мерекесімен тұспа-тұс келеді. Венгрлер — өте ырымшыл халық. Мысалы, үйге бірінші болып әйел кірсе, бақытсыздық әкеледі деп сенеді. Сондықтан қонаққа бірінші болып тек ұл баланы жіберетін болған. Венгрияда Жаңа жылға бір секунд қалғанда ысқыру керек. Яғни осы арқылы олар жын-шайтандарды қуады.
Итали
Италияда Жаңа жыл мейрамы 6 қаңтар күні басталады. Итальяндықтардың сенімі бойынша, бұл түні сыпырғыш мінген мейiрбан пері Бефана ұшып келеді. Ол кiшкентай алтын кiлтімен есiктерді ашып, балалар ұйықтайтын бөлмеге кiрiп, әдейі ілінген шұлықтарды сыйлықтармен толтырады. Ал жақсы оқымаған балаларға, Бефана күлдiң шөкiмiн немесе ұсақ көмiр тастап кетедi екен.
Италияда Аяз ата Баббо Наталь деп аталады. Бұл елде Жаңа жылды жаңамен қарсы алу деген ырым бар. Сол себепті, мереке қарсаңында итальяндықтар өз терезелерінен ескi-құсқы заттарды сыртқа лақтырады.
Итальяндықтардың жаңа жылдық дастарқанында міндетті түрде жаңғақ, жасымық және жүзiм болады. Бұндай тағам түрі — ұзақ өмiр, денсаулық және амандықтың нышанын білдіреді. Италияның шет аймақтарында ежелден келе жатқан салт бар. Яғни олар таңертең ерте тұрып бұлақтан су әкеледі. Сенім бойынша су бақыт әкеледі.Шотландия
Шотландияда Жаңа Жыл мерекесін «Хогмани» деп атайды. Жаңа жыл түні дәстүр бойынша Ескі жылды шығарып салу және Жаңа жылды қарсы алу рәсімі өтеді. Шотландықтар мереке күні үйлеріне кім бірінші болып кірсе, келесі Жаңа жыл бойы отбасыларында сәттілік пен сәтсіздік соған байланысты деп есептейді. Олардың пікірінше, үйге сыйлық алып келген қара шашты еркек үлкен сәттілік алып келеді. Бұл дәстүр «ферст футинг» деп аталады. Жаңа жылда ұлттық тағамдар дайындалады. Қонақтар міндетті түрде Жаңа жылдық каминге лақтыру үшін көмірдің кесегін ала келеді. Дәл түн ортасында Ескі жылды шығарып салып, Жаңа жылды кіргізу үшін есіктер айқара ашылады.
Колумбия
Колумбиядағы Жаңа жылдық карнавалдың басты кейіпкері — Ескі жыл. Ол топтың ішінде биік ағаш аяқпен қыдырып жүреді және балаларға қызықты оқиғалар айтып береді. Колумбияда Аяз ата — Папа Паскуале деп аталады.
Вьетнам
Тет — вьетнамдықтардың ең көңілді мерекесі осылай аталады. Олардың күнтізбесі бойынша Жаңа жыл ерте көктемде, яғни 21 қаңтар мен 19 ақпан аралығында атап өтіледі. Мереке күні жыл сайын өзгереді. Вьетнам халқы әр үйде бір құдай тұрады деп сенеді. Жаңа жылда ол аспанға ұшып, жақсы адамдардың тілегін орындайды екен. Бір кездері олар құдай тұқы балығының арқасында жүзіп жүреді деп ойлаған. Ал қазірде ойыншық тұқы балығын алып, тілек тілеп, өзенге ағызып жібереді. Сондай-ақ бұл елде Жаңа жылдың алғашқы сәтінде үйге келген қонақ отбасына бақыт әкеледі деген сенім бар.
Вьетнамда Жаңа жылдың символы — шабдалы бұтақтары. Бұндай бұтақтар әр үйде болуы тиіс. Мереке күні вьетнамдықтар шабдалы ағашының бүршік жарған бұтақтарын бір-біріне сыйға тартады. Ал кішкентай балалар қолдан жасалған шартылдақтарымен атысу үшін түннің дәл ортасын тағатсыздана күтеді.
4,7(98 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ