Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан республикада жолда жүрудің жаңа Ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:
VzKat.svg
ескерту белгілері
басымдылық белгілері
тыйым салу белгілері
міндеттеу белгілері
ақпараттық-көрсеткіш белгілері
қызмет көрсету белгілері
Қосымша тақтайшалар.
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.
Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.
Қосымша ақпараттық белгілер (тақташалар) бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған. Негізінен түсі ақ, төртбұрыш кестешелер түрінде жасалып, ортасына қосымша ақпараттардың шартты белгілері келтіріледі. Жол белгілері жолдың (жүріс бағыты бойынша) оң жағына биіктеу бағанаға немесе жолдың үстіне биіктетіп орналастырылады. Олар 100 м қашықтықтан анық көрінетіндей болып жарықтандырылады. Жол белгілері мемлекеттік автомобиль инспекциясының келісімімен орнатылады[1]
Woelsickendorf Verlauf Vorfahrtstrasse.jpg
Шығарма.
"Қыз Жібек" жыры – асыл махаббаттың айшықты ескерткіші.
Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.
Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.