Шаш - адамның көркі.Ежелден қазақ әйелдері шаш күтіміне мұқият қараған.Ұзын бұрым -әйел адамның көркі мен күші болып есептелген.Біздің заманымыз ұзын бұрымдардың азайған заманы.Қай заман болмасын шаш күтімі керек ақ. Шаш күтімі ер мен әйелдерге бірдей керек.Шаш жуғанда ,өте ыссы емес,жылы сумен жуған дұрыс.Сусабынды шашқа жаққанда массаждап жаққан дұрыс.Сусабыннан соң шашты міндетті түрде конденционермен шайған дұрыс.Шашқа маска жасауда пайдалы.Маска құрамында тек табиғи майлар мен дәрумендер болуын қадағалаған жөн.Шаш күтіміне тарақтыңда қатысы бар.Тарақ тістері өткір болмай керек,біркелкі болуы шарт.Шашты күніне 3- рет тарау,бастың қан айналымын жақсартады.Шаш күтіміне дұрыс тамақтанудыңда қатысы бар.Құрамында иод,темір, мыс,кремнийі бар азық - түлікті пайдаланған жөн.Дәруменнің тапшылығы,бояулар,электрлі шаш құрылғыларды жиі пайдалану,шаштың түсуіне әкеп соқтырады.Шаштың түсу себептерін анықтаған дәрігер минералдар мен дәрумендер қабылдауға және шаш күтуге кеңес береді.Егер шашыңыз,ұзын әрі қайратты,қалың болсын десеңіз шаш күтіміне мұқият болыңыз.Шаш арулардың көркі.Көрікті,бұрымды аруларымыз көп болсын.
А тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер.Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде.Адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – бірбеткейлік. Өзгенің дегеніне көне қоймайтын бірбеткей мінезден туатын көптеген ерегестердің арты үлкен ұрыс-төбелес, дау-дамайға, тіпті адам өліміне дейін апаратынын көз көріп, құлақ естіп жүрген жайт. Алайда бірбеткейлікті ақиқаттан бет бұрмауға тәрбиелей білген адам туралықтан таймайды. Тіпті мансапқұмарлық, шенқұмарлық, жалқаулық тәрізді қасиеттер де оны райынан қайтарып, теріс жолға еліктіріп кете алмайды. Ондай адам пайғамбарымыздың сүннетінен сусындаған мұсылмандық тәрбиеге беріктік танытады. Нәпсіге тән бірбеткей мінезді осылай тезге салғанда ғана ол тура жолда табандылық таныту, ақиқатқа бас ұру тәрізді ізгі қасиеттерге кенеле түседі.Бұлай өмір сүрген жан уақыт өте келе құрметті мәртебеге қол жеткізеді.