Алтын ұя – мектебім шағын шығарма
«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.
Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.
Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.
Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.
-өйткені ата-анамыз бізді бағып-қағып өсіріп келе жатқан адамдар.Қалай ғана олардың орны бөлек болмайды?
-Бала әкеден, анадан қандай нәрселер алады?
-əрине,анадан тəлім-тəрбие алады.
-Бала - адамның бауыр еті" дегенді қалай түсынеміз?
-Əрбір ата-анаға өз баласы өз қанынан жаралғасын бауыр еті болады
- ата-ана баласының қандай болғанын қалайды?
-Əрбір ата-ана баласының жақсы болғанын қалайды.Ешқандай ата-анада өз баласына жамандық ойламайды.
- неге әке мен ана артына ұрпақ қалдыруды көздеген?
-себебі артындағы баласына мұраларын қалдырып кету үшін ұрпақ қалдыруды көздеген.
-ұрпақ деген кімдер?
-ұрпақ деген жастар яғни біздер жалғастырушылармыз.Ата-бабамыз қалдырған мұраларды жалғыстырамыз