Түркістанның тумасы Бекзат Сатттархановтың олимпиададағы ерлігі мен спорттағы өзге де жетістіктері турасында аз жазылып жүрген жоқ. Талай талай жаныңды шымырлатар мақала жазылып, өлеңдер шығарылды, тіпті, деректі фильм де түсірілді. Батырдың батылдығы туралы қанша айтсаң да аздық етпесі тағы бар. Тірі болғанда Бекзат биыл орда бұзар 33-ке келер еді. Сұм ажал жас батырымызды, хас батырымызды арамыздан ерте алып кетті. Өкінеміз, еске түсіреміз, қайғырамыз, тірі болғанда туымызды талай биікке көтерер еді ғой деп армандаймыз.
Олимпиада жеңімпаздары. Қазақ спортының даңқын аспанға көтеріп, халқымызды әлемге танытқан есімдері біз мақтан етеміз. Бұл мақтан – заңды. Олимпиада жүлдегерлері: Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Қонақбаев, Болат Жұмаділов, Ольга Шишигина, Василий Жиров, Владимир Смирнов және Серік Нұрқазов. Бұл спортшылар спорт айдынында күні кеше ғана жарқыраған жұлдыздар шоғыры. Қазақ спортының тарихында есімдерді алтын әріппен жазылған Әмен Тұяқов, Тимур Сегізбаев, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымовтарды білмейтін балалар жоқ шығар. Бүгінгі күндері теледидардан оларды көріп, өнерлерніне еліктеп жүрген жастар да аз емес. «Спорт - денсаулық кепілі» десек, дені сау жастар – біздің еліміздің байлығы. Олимпиада жеңімпаздардың жетістікері – Қазақстанның жетістіктері болып саналады. Олимпиада жеңімпаздардың жеңістері – өз елдің, халықтың намысын қорғайтын батырлардың ерлігі.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
Сөз айттым "Әзірет Әлі", "айдаһарсыз",
Мұнда жоқ "алтын иек, сары-ала қыз".
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
Батырдан барымташы туар даңғой,
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!
Өлеңі бар өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге.
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,
Қанша қызық болады өзіңізге?
Абай Құнанбаев