Оқылым. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды. Мұнай - өте қызулы отын. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар. Біздің өлкеміз Қостанай обылысы, атап айтсақ, Рудный қаласында темір кені өндіріледі. Темір барлық ірі өнеркәсіп пен машина жасау өндірісінің негізгі металы болып табылады. Біздің еліміз қазба байлықтарына бай, дегенмен оларды жүзеге асыру өнеркәсіптері аз. Себебі, біз қазба байлықтарын өндіріп, сырт елге шығарамыз, өндірілген дайын шикізаттарды сырт елден сатып аламыз. Өзіміздің қазба байлықтарымызды өз елімізде жүзеге асыратын зауыт-фабрикалар көп болса, еліміздің дамуына жақсы әсер етер еді.
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, үйренген сөздерді қолданып сұрақтарға жауап беріңіз.
(Внимательно прочитайте текст, ответить на вопросы используя изученные слова)
1. Қандай қазба байлықтары бар?
2. Қазба байлықтарын жүзеге асыру үшін қандай мәселені анықтадыңыз?
3. Өзіңіздің өлкеңізде қандай кен орындары бар?
Қазақ халқы сиыр малының қылығын бақылап, сол арқылы ауа райының жағдайын алдын ала болжап айтатын болған. Таңертең ерте сиыр малын бақылағанда, олар желге қырыс қарап, бейғам күйсеп жатса, сол күні күн жылы, желсіз, жауынсыз, қарсыз болады. Егер күн бұзылатын болса, сиыр малы алдын ала біліп, уақыты болсада өрістен ауылға ерте қайтады. Сиыр малы өріске шығарда тынышсызданып жан – жағына қарап, басын шайқап мөңіресе, мазасызданса, қарлы борасын соғып, қар жауып, күн суытады. Жазда сауын сиырлары бұзауларына қарай мөңіресе, жауын жауардың ишарасы болмақ. Жауын жауып жатқанда бұқа мөңіреп, өкіре жүрсе, аспан ашылудың айғағы. Сиырлар жайылып жүргенде жүндері үрпейсе, ауа райы бұзылудың белгісі. Сиыр желге қарап жайылса, күн суытудың белгісі. Ал қыста, көктемде қай жаққа қарап жайылса да күн жылы жайлы болатынның белгісі болмақ. Сиыр кенеттен суалса, онда кешікпей ылғал жауын болады.