Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
ответ:Абай жастайынан ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді.Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
Объяснение:
5
Объяснение:
5*25=125