Көктем қыстан кейінгі екінші жыл мезгілі. Көктемнің айырықша белгілері өте көп. Мысалы, бұл мезгілде қар ериді, гүлдер гүлдейді, кұстар жылы жақтан қайтадан ұшып келеді. Көктемде күн жылый бастайды, күн ұзарады, жануарлар өз ұйқысынан тұрып, табиғат та жанданады. Көктемде түркі тектес халықтарының барлығына аян мереке болады. Ол мерекенің аты Наурыз, басқа тілдерді "Науруз", "Наврыз" және сол сияқты. Осы күнде кун мен түн теңеледі, адамдар жаратушыға бас иіп, қыстан аман-есен шыққандарына рахымшылық етеді. Көктем - әсем және көркем мезгіл. Көктем қыстың суығыменен және жаздың аптап ыстығының арасындағы көпір сияқты. Көктем мезгілін мен және менің отбасым асыға күтеміз. Мен көктем мезгілін жаңарудың, жаңа бастаманың және жанданудың символы ретінде қарастырамын.
Тест жауаптары.
1. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.
E) Айтылуы әр түрлі, мағынасы ұқсас сөздер.
2. Қазақ әліпбиіндегі әріптер санын анықтаңыз.
C) 42.
3. Тек қатаң дауыссыз дыбыстары бар сөз қатарын белгілеңіз.
C) Қатық, тас, көк.
4. Барыс септігінде тұрған туынды зат есімді белгілеңіз.
B) Бишіге, оқушыға.
5. Тұрлаулы сөйлем мүшелерін көрсетіңіз.
A) Бастауыш, баяндауыш.
6. Мемлекеттік туымыздың авторы кім екенін көрсетіңіз.
E) Ш.Ниязбеков.
7. Түбірлес сөздер бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Биші керемет би биледі.
8. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз.
Әмина әже немерелері... орманға келді.
E) -мен.
9. «Түп-түзу ...» сөз тіркесіне сәйкес келетін сөзді табыңыз.
B) Қайың.
10. Ортақ етісті анықтаңыз.
C) Сөйлесті.
11. Мезгіл үстеу нені білдіретінін анықтаңыз.
D) Іс-әрекеттің жалпы мерзімін, уақытын білдіреді.
12. Сұраулық шылауы бар сөйлемді анықтаңыз.
A) Бүгін тойға келмегендер бар ма?
13. Одағай сөйлем соңында келсе, алдына қандай тыныс белгісі
қойылатынын көрсетіңіз.
A) Үтір.
14. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшені белгілеңіз.
Гүлден ерте тұрды.
A) Пысықтауыш.
15. Шартты бағыныңқылы cабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын
көрсетіңіз.
B) -са, -се.
16. Төл сөзге қажетті тыныс белгісін табыңыз.
«Көп сөз айтудың қажеті жоқ», деді бауыры.
A) Дефис.
17. Фразеологиялық тіркестің мағынасын белгілеңіз.
Иман жүзді.
D) Мейірімді.
18. Сөйлемдегі антоним сөздерін көрсетіңіз.
B) Қараңғы қанша дүниеде, дүниеде қанша жарық бар?
19. Жіктеу есімдігінен болған сөз тіркесін белгілеңіз.
B) Оған айтты.
20. Жақты сөйлемді табыңыз.
E) Басқаны ауызға да алмаймын.