1) Осындай кең байтақ елде тұру мен үшін мақтаныш.
2) Біз жыл сайын жазғы демалысымызды жоспарлауды ұмытпаймыз..
3 Менің досым тау шаңғысымен айналысуды жақсы көреді.
4./Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.
5) Арxеологтардың айтуы бойынша Қазақстан жерін алғашқы адамдар бұдан 300 мың жыл бұрын мекендеген.
6) Бұрын біз әр ісімізді нақтылауды, ақылдасып істеуді әдетке айналдырған едік.
7) Өзенде шомылу , жүзуден жарысу әр баланың өткен шағының естелігі.
8) Еліміздің көрікті жерлерін тамашалауға туристер көп келеді.
Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.
Экология деген сөз "тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта" туралы ғылым дегенді білдіреді. Алғаш рет 1886 жылы "экология" терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және "Экология - табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым" деген анықтама берген. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары.