Последние даю по тексту ответить на вопросы (5 тапсырма вопросы)
5-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша диалог құрыңдар. 1. Желді кроторлық турбинаны ойлап тапқан кім? 2. Құрылғы қандай елдерде қолданылады? 3. Оның пайдасы туралы не білесіңдер? 4. Қытай жылына қанша энергияға мұқтаж? 5. Ірі күн электр стансысы еліміздің қай жерінде орналасқан? 6. Қанша үйді энергиямен қамтамасыз етеді?
Текст: (на фото тоже есть)
Баламалы энергия өндіруге қажетті құралдың тағы бір түрі - вертикальды желді кроторлық турбина. Осындай қондырғылардың бір нұсқасын отандасымыз Альберт Болотов ойлап тапқан. Бүгінде оның бұл еңбегі Ресей, Қырғыз және Корей елдерінде де қолданылып келеді. Алыс аймақтарға электр қуатын жеткізуде бұл құрылғының пайдасы зор, Қытайдың қазіргі және келешектегі сұранысы Қазақстанның барлық энергия өндірісінің тең жартысын ғана қамтиды. Соңғы он жыл ішінде елімізде баламалы энергия көздерінен қуат өндіру даму үстінде. Күн, жел, су электр стансылары пайдалануға беріліп, олардың жалпы қуаттылығы 114 мегаватқа жетті. Бұл - Жамбыл облысында өндірілетін жалпы энергияның 9,3 пайызы, Оның үстіне су, күн энергияларын өндіруге облыстың климаты да қолайлы. Жуалы ауданында іске қосылған «Бурное Солар-1» ipi күн электр стансысын ерекше атап өту керек. Стансының жылдық қуатын 100 мегаватқа дейін арттыру жоспарланған. Бұл- 30 мың үйді энергиямен қамтамасыз етуге жетеді.
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан шексіз мейірбансың, ақылы тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!
Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп, Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық, дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.