Әңгіме мазмұны бойынша оңай және қиын сұрақтар кестесің құрастырыңдар.Кестенің сол жағына өз түсініктерің бойынша оңай,ал он жағына қиын сұрақтарды келтіріңдер.Оңай сұрақтар дегеніміз-мәтінде жауабы бар сауалдар;ал қиын сұрақтар-жауабы мәтінде жоқ,өзіндік тұрғыдан жауап беруге бағытталған сауалдар.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.