Объяснение:
Отарлау саясаты жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, өйткені, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларын өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың бұрын-соңды болмаған кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қыз-қыз қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар (Лиссабон, Севилья, Лондон және т.б.) сауданың күшті орталықтарына айналды