Текст выписать нужно сын қимыл үстеу и мөлшер үстеу Қазақстан – Ұлы дала елі. Ұлы далада біздің ата-бабаларымыз өмір
сүрген. Біз – көк аспан мен шексіз жасыл даланы мекендеген Ұлы даланың
балаларымыз. Ұлы даланың табиғаты қоңыржай. Мұнда қазба байлықтар
да, бидай да бар.
Елімізде төрт климаттық аймақ бар: дала, орманды-дала, шөлейт және
шөл аймақтар.
Қазақстан – далалы ел. Дала бүкіл жер көлемінің 26%-ын алады. Жазы
ыстық, қысы өте суық. Мұнда негізінен суарылмайтын бидай өсіріледі.
Қара топырақты орманды-далалы аймақ жер көлемінің 0,4%-ын алады.
Егіншілік жақсы дамыған. Мұнда суарылмайтын жаздық бидай өсіріледі.
Шөлейт жер көлемінің 10%-ын алады. Шөлейттің климаты құрғақ, тым
континентті. Жауын өте аз, көктемнің аяғы мен жаздың басында жауады.
Жазы ыстық, қысы суық, ашық аязды күндер көп болады. Жазда өзендердің
көбінің суы құрғайды.
Шөл дала жер көлемінің 44%-ын алып жатыр. Шөлдің ең үлкені –
Қызылқұм. Жердің бедері мен құмның түсі қызғылт сарғыш. Климаты құрғақ.
Онда жазда аптап ыстық, ауызсу жоқ. Ылғал мөлшері өте аз. Сондықтан
өзен бойына суармалы күріш, тез пісетін арпа егіледі.
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: "Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды", -деген болатын.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.