Қоғамдық көлiктi пайдалану кезiндегі ережелер
Қоғамдық көлікті пайдалану кезінде жолаушыларға келесідей тыйым салынады:
1) Өз аты-жөнi жазылған жүру билетiн басқа адамға пайдалануы үшiн беруге;
2) Көлiкте шылым шегуге және салонның iшiн ластауға;
3) Спирт iшiмдiктерiн iшуге және қоғамдық тәртiптi бұзуға;
4) Көлiк iшiндегi есiк жанындағы тепкiшекте тұруға;
5) Қозғалыс кезiнде көлiктiң iшiне кiруге және шығуға;
6) Есiктердiң ашылуына және жабылуына кедергі келтіруіне;
7) Көлiктiң iшкi жабдықтарын бүлдiруге;
8) Жүктердi орындыққа қоюға және жарылу, жану қаупi бар, улайтын және адамның денесiн жыратын және кесетiн заттарды тиiсiнше дұрыстап орамайынша алып жүруге және қорапқа салынбаған қару-жарақтарды, көлемi 100х50х30 см-ден асатын үлкен жүктi, ұзындығы 190 см-ден асатын заттарды алып жүруге;
9) жүкті отыратын орынға қоюға;
10) Көлiк салонына лас киiмдермен кiруге;
11) Жүргiзушiнi алаңдатуға;
12) Жануарлармен кіруге;
13) Тамақпен кіруге тыйым салынады.
14) Жол жүру билетін сапардың соңына дейін сақтап, тексеріс болған жағдайда тексерушіге көрсету қажет.
Сонымен қатар әрқашан үлкен кісілер мен балалы аналарға орын ұсыну керек!
Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысында 19 мыңнан аса киік өлексесі табылғанын хабарлады. Ал, мамырдың 20-сы күнгі бейресми деректер бойынша, қырылған киік саны 30 мыңнан асқан.
Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысында 19 мыңнан аса киік өлексесі табылғанын хабарлады. Ал, мамырдың 20-сы күнгі бейресми деректер бойынша, қырылған киік саны 30 мыңнан асқан.«Бұны нағыз апат деп атауға лайық. Мен жануарлар әлі де өліп жатқан болар деп қорқамын, әлі күнге дейін қырылған киіктің нақты санын алған жоқпыз. Жақын күндерде олардың саны тіпті көбеюі мүмкін» дейді Ұлыбританиядағы киіктерді қорғау және зерттеумен айналысатын экологтар желісі – Киіктерді сақтау альянсын басқаратын Э.Миллер-Гулланд.