Сәлем достым!
Қалың қалай?Түркістандағы өмірің қалай?!Сен білесің бе,менің туған жерім,Отаным кең байтақ-Тәуелсіз Қазақстаным!Қазақстанның табиғатының тазалығы,сұлулығы,суының мөлдірлігі,жерінің кең байлылығы,құпиялығы менің жанымды тамсандырады.Мен өз жеріме қуаныштымын,осындай бейбіт елде тұрып жатырмын!Байлығы деген де көптеген пайдалы қазбалар,мөлдір бұлақтар,ағаштар,көрікті өсімдіктер және де өз елі үшін жанын беруге дайын тұратын қазақ елі!!!
Ал сен тұрып жатқан жеріңнің қандай ерекшелігі бар?
Сенің досың
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.
Өзбекәлі Жәнібеков (28.8.1931, Түркістан облысы Отырар ауданы Сарықамыс ауылы 1998, Алматы) — мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты (1990).
Ө.Жәнібеков республикалық халық музықалық аспаптары музейі қызметкерлерімен бірге. Отырар руханияты музей-кітапханасы қорынан
Қоңырат тайпасы Жаманбай руынан шыққан.[1] Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) бітірген (1952). Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысының Келес ауанында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі (1952 — 1955), Келес ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы (1955 — 1956), Шымкент облысының комсомол комитетінің хатшысы (1956 — 1961), Қазақстан ЛКЖО ОК-нің 1-хатшысы, хатшысы (1961 — 1970), Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы (1970 — 1975), Қазақстан компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі (1975 — 1977), Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары (1977 — 1988); мәдениет министрі (1987 — 1988), Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы (1988 — 1991) қызметтерін атқарды.