1)Түркілердің алтын күмістен жасалған ыдыс-аяқ, түрлі бұйымдарын көріп, таң-тамаша қалған. 2)Зулап келе жатқан жылдамдықтан ба, бетке ұрған самал лептен бе, бір жол асқанша артынан өрбие қарап тұратын риза жанарлардан ба, тамағы құрғап, көзі жаурап кетеді. 3)Қыстың қақаған суығында қора төбесіндегi көк жауқазын шөп көзді тартып, ыстық жазды кең далада жайқалған жасыл шалғынды еске түсіреді. 4)Көтеріліп келе жатқан күн сәулесі алдымен ағаш бастырын шалып, қайыңның жапырақтары мен қарағайдың қылқанды бұтақтарын алтын жалаткандай, нәзік сарғыш нұрға малып, бусандырып келеді. 5) Есімбек аға домалақ жүзі жыбырлап, қуана күлімсіредi.
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.
Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған.Кейіннен тек заман талабына сай жазу пайда болды.
аспан әлемінің - құпиясы
жұлдызды - аспан
жұлдыздар қозғалысын - бақылайды
күн мен жұлдыздар-аспан денесі
галактика - шексіз
көлденең жатқан -жұлдыздар шоғыры
ақшыл жолақ-құс жолы