2. Төмендегі сөйлемдердің мазмұны негізінде құрамына шылау және еліктеу сөздерді
қатыстырып, қысқаша мәтін құрастырыңдар.
Достар ешқашан бір-бірін сатпауы тиіс. Достар материалдық құндылық-
тардан гөрі рухани құндылықтарды жоғары бағалауы қажет. Достар бір-бірінің
лайықты істерін көре біліп, бағалай білуі керек. Достар бір-бірінің кемшілігін
көріп, түзетуге кеңес беріп, көмектесуі тиіс. Бір-біріне жасаған жақсылығы
үшін, қайтарым күтпеуі керек. Достар адалдығын сөзбен емес, ісімен дәлелдеу
қажеттігін ұмытпауы тиіс.
Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі татулықа,бірлікке үйретті. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты жаудан қорғап,болшақтағы ұрпақтты ойлап,олар татулық,бірлікпен болсын деп айтқан.
Ата – бабамыз ана құрсағыннан бастап, бала дүниеге келгенше тәрбие жұмысын үзбей жүргізіп отырған. Алғашқы кезеңде тәрбие ойын – сауық түрінде жүргізілген. Бала жеті жасқа жеткенше бетінен қақпай, еркін, еркелетіп өсіреді. Зекімейді, жасқамайды, баланы ұрмайды. «Баланы басынан ұрма бағы таяды, арқасынан ұрма әруағы қашады» деп айту тәрбиенің негізі болып табылады. Әрбір отбасы ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, ұлттық тәрбиені қалыптастыратын ата, әже, әке, мектептері арқылы халықтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарына, ата кәсібіне балаларды үздіксіз тәрбиелеу арқылы қол жеткізіп отырған.