М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
magamedgalaev9
magamedgalaev9
09.07.2022 15:22 •  Қазақ тiлi

Еңбек ер атандырар(эссе) (70-80)

👇
Ответ:
ketrinmaknamar
ketrinmaknamar
09.07.2022

Еңбек - адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.Адам өмірі еңбекпен тығыз байланыста болады. Жалпы, еңбек адамның табиғи жетістігі болып саналады.

Қазақ халқы қашан да еңбекке аса үлкен мән беріп, бала тәрбиесінде де еңбекқорлықты маңызды санаған. Бұған дәлел ретінде «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдардан еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін аңғаруға болады. Ал еріншектік, жалқаулық жақсы қасиетке жатпайды. Тіпті ұлы дана Абай атамыз да еріншектікті бес дұшпанның біреуі санаған.

Сондықтан балаларды кішкене күнінен еңбекке құштар қылып тәрбиелеп, адал еңбекпен тауып жеген нанның тәтті болатынына үйрету керек деп есептеймін.Себебі, біз еңбектенудің арқасында көптеген нәрселерге қол жеткіземіз. Мысалы, күнделікті ішіп- жейтін тамағымыз бен киетін киіміміздің өзі еңбекпен келеді.

Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Сондықтан да «еңбек түбі береке» екенін жадымызда ұстаған абзал.

4,7(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ИЛЬЯ14112005
ИЛЬЯ14112005
09.07.2022
--Қазақстанның жері қандай ?
--Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай.
--Қазақстанның жерінде  қандай қазба байлықтары бар?
--Қазақстанның жерінде көмір, мұнай, гранит, газ ,көмір, алюминий, мыс , қорғасын әктас  қазбалы байлықтары бар.
--Қазақстанның табиғаты қандай?
--Қазақстанның табиғаты өте әдемі.Қазақстанның жерінде нулы ормандары мен биік-биік таулары көп.
--Қазақстанның жерінде үлкен , көлдер, өзендер бар ма?
--Иә,бар,Атап айтар болсақ ,Арал, Балқаш, Зайсан,Алакөл 
 --Ертіс, Есіл, Іле сиякты үлкен көлдер ,теңіздер мен өзендер бар..
--Қазақстан қандай мемлекет?
--Қазақстан --тәуелсіз  үлкен мемлекет.
4,7(40 оценок)
Ответ:
ketrinkryt
ketrinkryt
09.07.2022

Пай,пай,әжелер-ай.

Қазақ халқының әр отбасында әженің орны ерекше әрі қастерлі.Сан тараулы тарихымызда Домалақ ана,ұлы ақын Абайдың әжесі Зере,Айғаным секілді әжелеріміздің бейнесі өшпес мұра.Сондай әжелердің бірі - Елдостың Нағима есімді асыл әжесі.Елдос жанұяның тұңғышы болғандықтан,кішкентайынан Нағима әженің қарауында болды.Әжесі оған ес жиып,әр нәрсеге қызыға бастағанында ертегі,аңыз-әңгімелер айтып беретін.Міне,сол әже тәрбиесін көрген Елдосты ауылда озат оқығаны үшін қаланың бір мектеп-интернаты оқуға шақырды.Елдос жақындарының рұқсатымен қазіргі таңда сол жерде білімін жалғастыруда.

  Оқушылар үшін қысқы демалыс та келіп жетті.Елдос ызғарлы боранның әсерінен ауылға апарар тас жолдың жабық екендігін естіп тұнжырап отыр.Не дегенменде,асыл әжесін көрмегеніне біраз болды.Көңілсіз ұйықтаған Елдос таң ата төсегінің жанында отырған сүйікті әжесін көріп орнынан атып тұрды.Нағима әже немересіне ауылдан құрт пен майын,өз қолымен тоқыған жүн шұлық,кеудешелер алып келіпті.Ал Елдосқа әжесінің алыстан ат терлетіп келгенінің өзі жетіп жатқан еді.

4,5(52 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ