2 тапсырма 56-бет. Берілген етістіктердің түбірін анықта, болымсыз етістікке айналдыр. (1. ма/ме, ба/бе, па/пе жұрнақтар арқылы 2. Жоқ, емес сөздер арқылы) Үлгі: бөлген – бөлмеген, бөлген жоқ Бөлген, қозғалған, ойлаған, жорамалдаған, айтқан, зерттеген, өзгерген, ашқан, анықтаған, жұмыс істеген, дәлелдеген, еңбек еткен.
Әдетте, Наурыз күні адамдар бақай есеп, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ұжданы алдында арылуы керек. «Ұлық күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Жақсылыққа жақсылық – жай адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер жігіттің ісі». Тас атқанға – ас ат» секілді нақылдарды өзек етіп, ту көтерген билер, ақсақалдар ат құйрығын кесісіп, араға жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарханнан дәм татырып, табыстырған, осылайша ел бірлігін күшейткен.
Кеш түсіп, күн батуға айналған кезде, ортаға екі ақын шығып, Жақсылық пен Жамандықтың, Суық пен Жылының, Қыс пен Жаздың күресін бейнелейтін «Өлі мен тірінің айтысын» бастайды. Айтыста күн ұясына бата өлі жеңіледі, зұлымдық иелері – Қалтырауық, Қамыркемпір, Ақпан, Тоқпан, Әзмырзалар тым-тырақай қаша жөнеледі.