М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
taschurkova
taschurkova
29.07.2020 11:21 •  Қазақ тiлi

Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, бір сөйлемге дейін ықшамдаңыз.Мәтінді ықшамдауда есім сөздерді жалғаулар арқылы түрлендіріп жазыңыз айтындарш тез​


Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ойды білдіретін сөйл

👇
Открыть все ответы
Ответ:
lena101992
lena101992
29.07.2020

Еліктеу сөздер – айналадағы, табиғаттағы түрлі дыбыстарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге және солардың бейнелеріне еліктеуден туған сөздер. Мысалы: жалт-жұлт етеді, сарт ете түсті, арбаң-арбаң етіп, күлмің-күлмің етті, шіңк-шіңк етті.

Еліктеу сөздер мағынасы жағынан екіге бөлінеді: еліктеуіштер, бейнелеуіштер.

Еліктеуіш сөздер – табиғаттағы, төңіректегі түрлі дыбыстарға еліктеу арқылы жасалған сөздер. Еліктеуіш сөздер көбінесе ет көмекші етістігімен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: сарт-сұрт ете қалды, гүрс ете түсті, жымың-жымың етеді, жарқ ете қалды, т.б.

Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың әр алуан күйін көру арқылы сипаттау, бейнелеу нәтижесінде жасалатын сөздер. Мысалы: жалт қарады, маң-маң басады, желп-желп етеді, жарқ-жарқ етті.

Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды, күрделі түбір болып бөлінеді.

1. Негізгі еліктеу сөздерге түбір сөздер жатады: дүңк, тырс, дік, жылт, шаңқ, қарқ, дүрс, арс, шарт, пыр, шиқ, жалп, жарқ, шіңк, бүлк, тарс, қиқ, т.б.

2. Туынды еліктеу сөздер -аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнақтары арқылы жасалады: балп-аң, елп-ең, жылт-ың, кілт-ің, жайна-ң, қиқ-аң, т.б.

3. Күрделі еліктеу сөздер қайталану: бүрсең-бүрсең, дүр-дүр, гүрс-гүрс, жалп-жалп, т.б; қосарлану: арбаң-ербең, адыраң-едірең, шап-шұп арқылы жасалады.

Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары жасалады:

1. Еліктеу сөзден зат есім жасайтын жұрнақтар:

-ыл, -іл, -л – тарс-ыл, сарт-ыл, дүрс-іл, күңк-іл, бүлк-іл, арс-ыл, т.б.

-ақ, -ек – бұлт-ақ, бүлк-ек, т.б.

-ғыр, -гір – даң-ғыр, дүң-гір, т.б.

2. Еліктеу сөзден етістік жасайтын жұрнақтар:

-ыра, -іре – салб-ыра, үлб-іре, т.б.

-ла, -ле – дабыр-ла, күбір-ле, т.б.

-да, -де – қоқаң-да, ербең-де, т.б.

Еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады. Еліктеу сөздер көмекші етістікпен тіркескенде, күрделі баяндауыш қызметін атқарады. Мысалы: Аспанда самсаған жұлдыздар дір-дір етеді. Кенет артына жалт қарады. Дір-дір етеді, жалт қарады – қайтті? – баяндауыш.

Еліктеу сөздер түрленіп келіп, басқа сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мысалы: Жарқ-жұрқтан көзің талып, даң-дұңнан құлақ тұнады. Жарқ-жұрқтан, даң-дұңнан – неден? – толықтауыш.

Тарс-тұрс еткен дыбысқа барлығы елеңдей қалды. Тарс-тұрс еткен – қандай? – анықтауыш. Жүгірген бойы өзенге күмп беріп қойып кетті. Сәби томп-томп жүгіріп жүр. Томп-томп, күмп беріп – қалай? – пысықтауыш.

Қосарланудан және қайталанудан жасалған еліктеу сөздер дефис арқылы жазылады. Мысалы, қарш-қарш, сарт-сарт, опыр-топыр, делең-делең, бүрсең-бүрсең, қалт-құлт, қорбаң-қорбаң, т.б.

4,5(66 оценок)
Ответ:
aromishka
aromishka
29.07.2020

Мәтінде қандай мәселелер көтерілді?

Мәтінде түлектердің мамандық таңдауы туралы мәселе көтеріледі . Түлектер яғни мектеп бітірген адамдар дұрыс мамандық таңдай алмайтындығы айтылады . Және оқушылар мамандықты таңдауды емес , грантқа түсуді көп армандайтыны туралы мәселе көтеріледі . Және соның кесірінен дұрыс жұмысқа орналаса алмайтындығы туралы айтылады .

Мәтіннің негізгі ойы қандай?

Мәтіннің негізгі ойы жастардың мамандығы . Олардың мамандық таңдай алмауы туралы .

Және олардың жоғары оқу оқығанымен мамандық таңдай алмауы туралы .

4,4(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ