М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
homya4okm
homya4okm
04.04.2022 16:16 •  Қазақ тiлi

4. Есепті шығар. Шешуін өрнек түрінде жаз.
Конструктордағы 3 қалтаның
әрқай-
сысында 112-ден бөлшек бар. Ғарыш ке-
месінің моделін жасау үшін 289 бөлшек
жұмсалды. Қанша бөлшек қалды?​

👇
Ответ:
Masika08
Masika08
04.04.2022

Объяснение:

Берілгені: 3 қалта- әрқайсысында 112 бөлшек

Жасау үшін-289 бөлшек

Шешуі: (3×112)-289=47

Жауабы: 47 бөлшек қалды.

4,7(81 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Keksic0066
Keksic0066
04.04.2022
Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республикның өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 19 жыл толғалы отыр. Осны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған,
болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей,
еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар.Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан аман алып қалып отырған. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-баба ның сол тізгінің Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар. өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді. Тәуелсіз Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуымен болған. Ел ордасы болып Астана бой көтерді. Бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени
ескерткіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде "Ақорда”, "Бәйтерек”, "Бейбітшілік және келісім сарайы”, "Думан” орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор. 1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды.
1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен-тек емес. Президентіміздің тпсырысымен көптеген қазақ азаматтары өзінің ата-бабларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ қазақ еліне келіп, өмір сүрулеріне мүмкіндік алды. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» болып жарияланған. Мәдениет -әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы. Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының Н.Ә.Назарбаев сол туралы: «Біз – талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз». Ата – дәстүрін,
ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол өнерді жалғастырушыларымыз» - деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған
қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады.Президентіміз белгіленген «Қазақстан – 2030» бағдарламасы және жыл сайынға Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге үлкен сенім білдірді. «Хан біреу болса керек, қалғандары тіреу болса керек», - деген есті сөз бар. Американдықтар Дж.Вашингтоның, орыстар Бірінші Петрді, түріктер Ататүркті қастерлейді. Оларды шын мәніндегі
мемлекеттерінің негізін қалаушысы, ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстапшысы, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхамедке берген сұхбатында: «Мен Елбасы болсам да, қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласынасыйынған елдің бір перзентімін» дейді де Президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.
4,6(44 оценок)
Ответ:
InfoChan
InfoChan
04.04.2022

ответ:Бір уақытта ар жағынан жарқырап Таразы жұлдызы оқ бойы көтеріледі. Оның тағы бір қырынан сүмпиіп Сүмбіле шыға келеді. Енді Жетіқарақшы көз ілмей, осы жұлдыздарды түгел батырып, ақ боз ат пен көк боз атқа таяп қалғанда, арайланып, жап-жарық нұрға бөлеп Таңшолпан күн шығыс жақтан жарқ ете қалады екен. Сонымен лезде таң атады да кетеді. Әлгі қарақшылар ұрлығын тоқтатып, жүзеге аспай қалған арам ниетін келер кеште жалғастыруға қалдыратын көрінеді. Ал, ертеңгі кеште бұл әрекет аспан әлемінде тағы солай жалғасады. Сөйтіп Жетіқарақшы жұлдыз болып жаралғалы бері аспан әлемінде қарақшылығын тоқтатпапты. Ұрлыққа да қолы жетпепті. Осылайша жыл он екі бойы айналып жүре береді, – деуші еді ауылдың көнекөз қариялары.Бұл – сол кездегі барлық ауыл баласының ұйып тыңдайтын әңгімесі еді. Күнде естіп-біліп жүрсек те, тағы да тыңдай түскіміз келеді. Құдды бір алғаш рет естіп отырғандай күй кешеміз. Бар ынта-ықыласпен құлағымызға құя түсеміз. Сосын «Әне, қарашы, Жетіқарақшы, біздерді қимай сөніп барады» деп жамырай әнге қосатын сол бір ғажап табиғат құбылысына деген іңкәрлік су сепкендей басыла қалатын. Себебі, көз тартар аспан сұлулығында да осыншама залымдық болады екен-ау деген бір үзік ой ештеңенің ақ-қарасын ажырата бермейтін сонау балаң жүрек түкпірінде қылаң ете қалатын.

Объяснение:100% правильно

4,6(17 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ