М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Sark23
Sark23
23.06.2020 02:30 •  Қазақ тiлi

Қазбалы отындар: қалыптасуы Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай – 40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер.

Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны «фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды қалыптастырады.

Қазбалы отынның қалыптасуы

Мұнай мен газ теңіз түбіндегі жануарлардың органикалық қалдықтарынан пайда болады.

Көмір, негізі, теңіздік заттардан емес, жердегі өсімдік қалдықтарынан қалыптасқан.

Бүгінде бұл отын терең жер астынан өндіріледі. Қазбалы отын түрлері бізді дайын энергия көзімен қамтамасыз етеді. Бірақ олар ұзақ қалыптасатын болғандықтан, қазбалы отындар адам өмірінің кезеңінде алмастырылмайды, яғни олардың энергия көзі ретінде басымдылығы шектеулі және қалпына келмейді.

1. Мәтін бойынша «дұрыс, бұрыс» кестесін толтырыңыз.

Сөйлемдер «+» «–»

1 Қара алтын басқа отын түрлеріне қарағанда көбірек

қолданылады.

2 Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан қазба

байлық түзілмейді.

3 Адамзат кен байлықтарынсыз-ақ күн кеше алады.

4 Бұл үш отын түрі теңіз түбіндегі жануарлардың

органикалық қалдықтарынан пайда болады.

5 Энергияның көп бөлігін газ, мұнай, көмір құрайды.

👇
Ответ:
Emir3467
Emir3467
23.06.2020

Объяснение:

1.+

2.+

3.+

4.-

5.+

4,5(76 оценок)
Ответ:
max50chepil
max50chepil
23.06.2020

1 +

2 -

3 +

4 -

5 +

кажется правильно

4,5(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Violetta2004w
Violetta2004w
23.06.2020

Объяснение:

Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.

Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.

Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.

4,8(4 оценок)
Ответ:
kenanyusifov02
kenanyusifov02
23.06.2020

Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген.

1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1974—1984 жж. «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» ба редактор, 1984—1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995—1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997 — 2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып, 2001 жылдан бері Нұр-Сұлтандағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазір «Алтын тамыр» журналының бас редакторы.

Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде,

алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде,

алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді.

«Жүректегі жаңғырықтар»,

«Әке туралы сыр»,

«Жаңбыр әні»,

«Түнделеп ұшқан тырналар»,

«Рухымның падишасы»,

«Мұқағали-Желтоқсан»,

«Бәйтерек»;

балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда»,

«Желкілдеп өскен құрақтай»,

«Күміс күйме» («Серебряный сундучок»)

«Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары,

«Ескендір қорғаны» (Ә.Науан),

«Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан.

Түріктің ВЫЫ ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміренің, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ. Родаридың, сондай-ақ М.Исаковский, А.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, Б.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуевтің өлеңдерін тәржімалаған.

«Бас сүйектері» (1976),

«Жасынның сынығы» (1977),

«Найзағай» (1978),

«Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын» альманахы жариялаған республикалық конкурстардың жүлделерін,

«Мұхтар мен Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған.

«Мұқағали-Желтоқсан» поэмасы 2001 жылы республикалық әдеби конкурстық жүлдесіне ие болса,

«Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды.

2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.

«Көз жасым» (2006),

«Бөрітостаған» (2007),

«Құланойнақ» (2009) атты кітаптары және

«Бөгенбай»,

«Бердіқожа»,

«Шақантай»,

«Қара-өткел қырғыны» т.б. поэмалары жарық көрген.

Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденінің иегері

4,7(48 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ