Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер олар дауысты дыбысқа
бітсе, -ншы, -нші, ал дауыссызға аяқталса, -ыншы, -інші жұрнақтары жалғану ар-
қылы жасалады. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, жүз отыз
бес-інші, т.б.
Реттік сан есімдер цифрмен берілсе, төмендегідей жазылады.
1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ншы, -нші, -ншы, -нші жұрнақта-
рының орнына дефис (-) қойылады. Мысалы: Сен биыл 6-сыныпқа барасың.
Асхана мектептің 1-қабатында орналасқан.
2. Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойыл-
майды. Мысалы: «Абай жолы» романының ІІ томы, І жүлделі орын, т.б.
3. Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де,
олардан кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 2016 жылы Рио де Жанейро қа-
ласында жазғы олимпиада ойындары өтті.
Ребустың шешуі: ЕСІМДІК.
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1. жіктеу есімдіктері - мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.
2. сілтеу есімдіктері - бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне.
3. сұрау есімдіктері - кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?
4. өздік есімдігі - өз.
5. белгісіздік есімдіктері - біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме, әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрине, әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан.
6. болымсыздық есімдіктері - еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы.
7. жалпылау есімдіктері - бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел.