Салауатты өмір салты – адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдениеттің бір бөлігі. Ал, денсаулық әрбір адам бақытының негізгі компаненті. Қоғамның болашағы – әрбір адам денсаулығына байланысты. Биологиялық, физиологиялық функцияларды сақтап дамыту, белсенді өмірдің максимальды ұзақтығына қарай адамның әлеуметтік белсенділігінің артуы. Адам денсаулығы тек сыртқы орта жағдайына ғана емес, әлеуметтік жағдайына және өзінің денсаулығына деген көзқарасына да тікелей байланысты.
Жол қауіпсіздік ережелерін бәріміз де сақтауымыз керек, ол ең алдымен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін. Жаяу жүргінші де, көліктегі жүргізуші де ережеге сай жүруі шарт. Балаларды кішкентай күнінен бастап, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету керек. Жолдан бағдаршамның тек жасыл шамы жанғанда ғана өтуге болады. Бағдаршам жоқ болған жағдайда, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту керек. Бірақ соның өзінде абай болып, ең алдымен жолға шықпас бұрын сол жағымызға қарап, машинаның жоқ екеніне немесе тоқтағанына көз жеткізіп қана өтуге болады. Ал көліктегі жүргізуші болса, жол белгілеріне сай жүріп, оларды бұзбау керек. Жаяу жүргіншіліерге арналған жолға жақындаған кезде көліктің жылдамдығын азайтып, жүргіншілер болса, соларды өткізіп, сосын жүруіне болады.
Адам денсаулығы тек сыртқы орта жағдайына ғана емес, әлеуметтік жағдайына және өзінің денсаулығына деген көзқарасына да тікелей байланысты.