Қымбатты, Дос! Арада аз күн өтсе де сыйлас, сырлас бола біліп, қызық-қуанышы мол күндерді бірге өткізген екенбіз. Міне, енді қоштасар сәтте келіп жетті. Массагеттің есігін ізгі ниетпен ашқан соң із-түзсіз кеткенге арым жібермеді, жылы лебіз білдіре отырып жөнімен айырылысқан да дұрыс шығар. Әрдайым бірге болғым-ақ келеді, оған мүмкіндігім тым аз екен. Бұдан серттен тайды, ант бұзды деген ой тумаса керек. Расы сол, «біреудің жүрегін жаралап, көңіліне тиіп қалам ба?» деп қимай кетіп барамын. Айтарымды қатты айтам, еркелетсем де солай, еркелесем де солай. Өйткені, мен өз елімді, өз жерімді шын сүйген, мәңгі ғашық болған жан екенмін. Мен – тіл маманы, филолог не журналист емеспін. Тіпті, гуманитарлық ғылымдар тұрмақ жаратылыстану ғылымдарына да менің алған мамандығым, пәнім мүлде сәйкес келмейді екен. Сондықтан, жазбаларымда, мінезімде артық, кем тұстар болса кешіріммен, түсіністікпен қарарсыз деген үміттемін. Қайыр-хош, сау-сәлематта болыңыз!
Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/3279 Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді. Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.
Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/3279
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз