М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Aigerimajymatova
Aigerimajymatova
09.05.2023 17:54 •  Қазақ тiлi

ответьте Көмекші есімі бар сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Жасыл кітап
В) Самал келді
С) Қала арасы
D) Қызыл тіл
2. Салыстырмалы шырайдағы сын есім.
А) кіші
В) ұзынырақ
С) төмен
D) тым әдемі
3. Барыс септіктің жалғауларын көрсетіңіз.
А) –ға, - ге
В) –нің, - дың
С) – да, -де
D) – дан, - ден
4. Қып-қызыл-бұл сын есімнің қай түрі
А) жай шырай
В) салыстырмалы шырай
В) күшейтпелі шырай
D) асырмалы шырай
5. Етістікті анықтаңыз.
А) Бесінші
В) Ол
С) Аспазшы
D) Келші
6. Сын есімнің сұрақтары:
А) қандай?қай?
В) кім?не?
С) кімдер?нелер?
D) қайдан?
7. Қай септіктің жалғаулары жоқ?
А) Атау септік
В) Ілік септік
С) Барыс септік
D) Жатыс септік.
8. Есімдікті белгілеңіз. 
A) Мен
B) Жақсы
C) Кеше
D) Кейін
9. Үстел - дұрыс жалғауын қой.
А) – тың
В) – нің
С) – тің
D) – дің
10. Реттік сан есімді көрсет.
A. Бес
B. Бесінші
C. Елу бес
D. Он бес
11. Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
А) жап-жасыл, аппақ
В) жақсырақ, қызылырақ
С) биіктеу, жасылдау
D) дымқыл, сарғылт
12. - ға, ге, қа, ке, а, е – қай септіктің жалғаулары?
А) жатыс септік
В) табыс септік
С) барыс септік
D) шығыс септік.
13. Ілік септігінің сұрақтарын көрсет.
А) кімнің? ненің?
В) кімге? неге?
С) кімді? нені?
D) кім? не?
14. Зат есімді көрсет.
А. Сағат
В. Биыл
С. Айтты
D. Бүгін
15. Тәуелдік жалғауының жекеше түрінің ІІІ жағын көрсетіңіз.
А) Қаламыз
В) Үйім
С) Кітабы
D) Бақыттары
16. Есептік сан есімді белгілеңіз
А) бір
В) сегізінші
Д) ондаған
С) бес-бестен
17. Сұрау есімдігін көрсетіңіз.
A) Біз.
B) Өзі.
C) Ненің.
D) Барлығы.
18. Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.
А) ұп-ұзын
В) сұп-суық
С) үлкенірек
D) аппақ
19. Көмекші есімі бар сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) әдемі қала
В) қалаға келді
С) қаланың адамы
D) қаланың сырты
20. Әдемірек-бұл сын есімнің
А) жай шырайы
В) күшейтпелі шырайы
С) салыстырмалы шырайы
D) асырмалы шырай​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
ktotoipotom
ktotoipotom
09.05.2023

Менің отбасым

Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан.

Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластықпен және бауырмашылдықпен бірге қиындықты жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан тоймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын!

4,8(91 оценок)
Ответ:
bogdanshik007
bogdanshik007
09.05.2023

Ауа райы болжамы халықтың кәсіп түрлеріне қалай көмектескен?

Көгінде қыран қалықтап, жерінде түйесі боздап, жылқысы құлындаған байтақ қазақ жері небір кәсіп түріне қолайлы болды. Ал халқымыз болса ертеден-ақ өз тіршілігін табиғатпен тығыз байланыстырған. Табиғаттың кей құбылыстарына қатысты олардың наным-сенімдері, әдет-ғұрыпы қалыптасты.

Халықымыз өз күнін мал бағу, егіншілікпен және т.б. шаруашылықпен көрді. Сондықтан да олар қол астындағы малын апаттардан сақтау үшін күн райын болжаған. Олар ауа райын болжау арқылы малды қай жерге, қанша уақытқа жаю керек, қай кезде қорадан шығармау керек, қай уақытты жүнін қырқа бастау керек секілділерді алдын ала анықтай алған. Ал ел ауа райын қалай болжаған? Олар кей тіршілік иелерінің қимыл-қозғалысына, әрекетіне, аспан, ондағы денелерге қарап болжаған. Мысалы, көк жасыл шегіртке молайса, жаз қуаң болады, су бетінде шабақ шоршып ойнаса, жаңбыр жауады, жылқы жазда ыққа қарап жусаса, қыс қатты болады. Мұндай болжамдар халқымызда өте көп. Осындай көрегенділікке, зеректікке таң қалмау мүмкін емес деп білемін.

4,4(28 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ