Біздің есігіміздің алдында шағын ғана бақшамыз бар. Көктем басталғалы бәріміз сол бақшамызда жұмыс істейміз. Бақшадан жылда жақсы өнім аламыз. Көкөністерді ешқашан базардан немесе дүкеннен сатып алмаймыз. Қияр, қызанақ, жуа, қырыққабат, қызылша, картоп, сәбіз бәрі-бәрі бар. Жаздай тойғанымызша жейміз. Артылғанын түрлі салаттар жасап, қысқа сақтаймыз. Қияр, қызанақтарды анам кәдімгі банкіге тұздайды. Ал, қырыққабатты үлкен бөшкелерде тұздаймыз. Жалпы, бақша(огород) болған өте жақсы. Өнімі қыстай, жаздай тамақ.
АҚҚУ - қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді-кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.